Ақмола облыстық әкімдігі және «Нұрай Строй» компаниясы» серіктестігінің арасында Целиноград ауданында тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуде ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Екі жақты меморан-думға қол қою рәсімінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев жергілікті кәсіпорынның басшыларына әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жататын ауылдастарын қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Бұл игілікті істен ауданның басқа ірі шаруашылықтары да сырт қалмауда. «Родина» агрофирмасы», «Мәншүк-АЭ», «Ақтық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары да бүгінгі күнге дейін өз ауылдастарын тұрғын үймен қамтамасыз етті.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев осы ауданға жұмыс сапары барысында Ақмол ауылындағы орталық қазандықтың жағдайымен танысып, жаңа «Бақыт» шағын ауданын аралап көрді. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысымен және абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бо-йынша Ермек Маржықпаев аудан орталығын дамыту мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.