Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Несие алу үшін малды кепілдікке қоюға болады - АРҚА АЖАРЫ

Несие алу үшін малды кепілдікке қоюға болады

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиеге сатып алынатын мал мен жабдықтар кепілдік ретінде қабылданатынын бұдан бұрын да хабарлаған болатынбыз.

Енді несиелеудің шарттары жеңілдеп, шаруалар асыл тұқымды ірі қара малды ғана емес, сонымен қатар, тауарлық жергілікті Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасы отандық мал басын көбейту, малдың сапасын жақсарту мен қазақстандық ет экспортын арттыруды қарастырады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруашылықтарды несиелендіреді.
Несиелер импортталған ірі қараның аналық мал басын сатып алуға, ұсақ мүйізді мал мен негізгі құралдарды сатып алуға беріледі.
– «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған шаруашылықтар сатып алынған активтерді – малды, техниканы, жабдықтарды кепілдік ретінде қоя алады,– дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов. Бұрын тек асыл тұқымды мал қабылданған болса, бүгінгі күні несиелеу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Кепілдіктің 50 пайызына дейін ірі қара мал алынады. Бұл өзгеріс қарыз алушылардың кепілдік жүктемесін төмендету үшін жасалынған. Жақында Бұланды ауданының «Ел-Хан» серіктестігі асыл тұқымды 100 бас ангус малын әкелді. Олардың алпысы, сондай-ақ, «Беларусь» тракторы мен пресс-жинақтағыш біздің қордың көмегімен алынды. Өзге 40 бас сиырды өз қаржысына сатып алды. Асыл тұқымды мал «Терра» серіктестігінен әкелінді. Бұл ірі мал бордақылау алаңы «Аграрлық несие корпорациясының» қолдауымен американдық ангустарды осыдан екі жыл бұрын АҚШ-тан алып келген. Олардан алынған сапалы төл қазір жергілікті мал фермаларына сатылады. Шетелден мал сатып алған шаруашылық әрбiр мал басы үшін 225 мың теңге субсидия алады. Мемлекет тарапынан қолдаудың тағы бір тетігі – бұқаларды бордақылау алаңдарына жеткізуге төленетін субсидия. Малдың бір килограмына 200 теңгеден төленеді.
Әлия ЕҢСЕБАЕВА,
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар