Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік бағдарламаның ауқымды міндеттері - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік бағдарламаның ауқымды міндеттері

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Көкшетау қаласындағы әмбебап балалар ауруханасында облыстық денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өткізілді.

Аудан әкімдерінің орынбасарлары, медициналық мекемелер басшылары мен сала мамандары қатысқан мәжілісте еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі болып табылатын тұрғындардың денсаулығын нығайту мәселесі қаралды. Мұнда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өңірде Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының орындалуы және биылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы хабарлама жасады.
Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасарлары Болат Әбішев пен Татьяна Бишораева «Жол картасының» 5 тармағы бойынша медициналық қызмет көрсетудің жиынтық көрсеткішіне талдау жасап, бұл бағыттағы оң қадамдарды атап өтті.
Айна Ермекқызы аталған әрбір мәселе бойынша сұрақтар қойып, баяндамашылардың табыстар мен кемшіліктер табиғатын, олқылықтың туындау себебін ашып көрсетуді сұрап отырды. Денсаулық саласында келеңсіздік атаулы төтенше жағдай ретінде қаралуы керек. Өйткені, мұнда адам денсаулығына қатысты аса үлкен жауапкершілік жатады.
– Қазіргі күні барлық елді мекендерді медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік бар. Көрсеткіштердің сипатына бас дәрігер ғана жауап береді деп ойламаңыздар. Жергілікті әкімдердің бас-ты міндеттерінің бірі де осы. Сондықтан, ортақ істі тиімді үйлестіру, кемшілік атау-лыны бірлесе шешу қажет, – деді Айна Ермекқызы.
Облыста маман дәрігерлердің тапшылығы байқалады, әсіресе, кардиолог, акушер-гинеколог, реаниматолог, анестезиолог, педиаторға сұраныс көп. Осының өзі бағалау көрсеткіштерін төмендетіп тұрғаны айқын.
– Кадр мәселесін шешуде, шақырылған медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуде қиындық туындайды. Біз республика аумағындағы жәрмеңкелерге қатысып, келісім шарттар жасаудамыз, сонымен бірге, министрлік тарапынан жоғары оқу орындарының түлектеріне міндетті жолдама беру ісі жағдайды жақсартады деп сенеміз, – деді Көкшетау қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Сулен Ілиясов.
Бірінші тоқсанның қорытындысында сәбилердің шетінеу көрсеткіші былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өскендігі байқалады.
– Бұл жөнінде жүкті әйелдердің денсаулығының тиісті деңгейден төмендігін, осы санаттағы әйелдердің 51 пайызы бала табуды жоспарламайтыны, ал, 49 пайызы ешқандай дайындықсыз, яғни, жарты жыл бойы тексерістен өтпейтіні, уақытылы ем қабылдамайтыны және дәрігерлерге кеш қаралатынын айтқым келеді. 1-2 деңгейлі стационарлардың салмағы төмен сәбилерге арналған жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеуі және мамандардың заманауи халықаралық технологияны меңгеруінің төмендігі де кері әсерін тигізуде, – деді басқарма басшысының орынбасары Т.Бишораева.
– Біз бұл мәселелермен жан-жақты айналыстық. Мәселен, орын алған 27 жағдайдың 18-і ерте босану және сәбилердің салмағының төмендігінен орын алған. Осыған байланысты талап күшейтіледі, шетелдік мамандарды шақыру, олардың тәжірибесін пайдалану және патронаждық қызметтік әмбебап-прогресті моделін тәжірибеге енгізу жос-парланды, – деді С.Қисықова мәселеге түсінік бере келе.
– Жалпы, жұмыстың оң динамикасы байқалады. Сала қызметкерлері үлкен жұмыстар жүргізіп жатқанын білеміз. Бірақ, менің қабылдауыма, күн сайын дерлік денсаулық сақтау мәселесіне қатысты өтініш-тілектерімен келушілер бар. Мұның өзі барлық бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстар ауқымының кеңдігін көрсетеді. Демек, сіздерге қойылатын талаптар да күшейтіле түсетіні анық,– деді қорытынды сөзінде облыс әкімінің орынбасары А.Мысырәлімова.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар