Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент - АРҚА АЖАРЫ

Президент

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Президенті жұмыс сапары аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысып, бұл жобалардың ұлт руханиятына сүбелі үлес қосатын бастамалар болуы тиіс екенін атап өтті және Үкіметке ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қабырғасында қала жұртшылығымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
– Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен ерік-жігерінің арқасында Семей полигоны біржола жабылды. Бұл оқиғаны әлем жұртшылығы теңдессіз ерлік деп бағалады. Елбасы – жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы. Тұңғыш Президентіміздің ұлы шешімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет екеніне баса мән беріп, қазір «Семей полигонындағы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан тұрғындарды қорғау және оңалтуға арналған бұған дейінгі шаралардың тиімділігі» жөнінде арнайы зерттеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атом электр станциясын салу жөнінде пікір білдірді.
– Бұл – күрделі мәселе. 2030 жылы Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Сондықтан, осы мәселені қазір шешуіміз қажет. Дегенмен, көпшіліктің пікірін ескермей, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауға болмайды. Бүгінде бұл станцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын көптеген технология бар. Сонымен қатар, АЭС жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның энергетикалық дербестігін қамтамасыз ете алатынын ескерген жөн, – деді бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті 2017 жылы Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудың бес жылдық кешенді бағдарламасының аяқталғанын, тұрғындардың тұрмыс сапасын лайықты арттыру негізгі міндеттердің бірі болып қала беретінін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуге қатысушылармен әңгімелесу барысында өзінің өмір тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанды қуатты елге айналдырудың жолдары туралы айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар