Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар пікір алмасты - АРҚА АЖАРЫ

Жастар пікір алмасты

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының коворкинг орталығында өткен «Еркін пікір» пікір алмасу алаңында жастар Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің маңыздылығын талқылады.

Шара барысында Көкшетау қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Аян Хафиз, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы Ризат Елубаев, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәнсия Есекеева Президент сайлауының маңыздылығы жайлы айта келе, жастарды барынша белсенді болуға шақырды. Пікір алмасу алаңында жастарға бүгінгі заманда әр адамның азаматтық ұстанымының болуы, саяси сауаттылығы мен заңды жіті білуі өте маңызды екендігі айтылды.
Аталған университет оқытушысы Ризат Елубаев: –Алда келе жатқан кезектен тыс Президент сайлауында әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымын танытуы аса маңызды. Бұл еліміздің болашағын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сол себепті, ешкім жайбасарлық танытпауы керек. Әсіресе, жастар белсенді болуға тиіс. Бұл сайлауда мені үміткерлердің саны емес, олардың еліміз, халқымыз үшін не істей алатыны толғандырады. Алдымен, жастар өзіміз саясатқа араласып, осындай саяси науқандардан қалыс қалмауымыз керек, – деп жастарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының ережелерін, сайлауға кімдер қатыса алатынын қысқаша түсіндіріп өтсе, бірлестік төрайымы Мәнсия Есекеева «жастарға сайлау не үшін қажет?» деген сауал төңірегінде өз ойын ортаға салды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар