Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапкершілікті күшейтіп, жұмыс тиімділігін арттыру қажет - АРҚА АЖАРЫ

Жауапкершілікті күшейтіп, жұмыс тиімділігін арттыру қажет

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде облыстың 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, осы кезең ішінде облыс бюджетінің орындалуы және биылғы қысқы жылу беру маусымының қорытындылары мен жаңа жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралмай тұрып, облыс әкімі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалған бұрынғы Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденовқа біздің облысымызда атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, жиналғандарға жаңадан Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған полиция генерал-майоры Берік Сұлтанғазыұлы Біләловты таныстырып, қызметінде табыс тіледі. Мәжілісте облыс әкімінің өкімімен жаңадан тағайындалған бір топ аудан әкімдері де таныстырылды. Солардың ішінен Қорғалжын ауданының әкімі Берік Амантайұлы Жанбаев мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев баяндама жасады. Ол экономиканың көптеген салалары бо-йынша оң нәтижелерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Мұндай өсім әсіресе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында байқалады. Бөлшек сауда, көлік қызметі мен байланыс жүйелерінде де ілгерілеушілік бар. Сонымен бірге, негізгі қорға инвестициялар салудың және құрылыс жұмыстары көлемінің азаюына жол берілген.
Сондықтан, облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәжілісте аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріндегі олқылықтар үшін бірқатар басқармалардың басшыларынан, аудандар мен қалалар әкімдерінен қатаң сұрады және әрқайсысына өздеріне тапсырылған істің жайына жеке жауап беретіндіктерін ескертті. Аймақ басшысы өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде іске қосылған жобалардың жоспарлы қуатына шығуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы басқармасы мен өңірлердің әкімдеріне әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың неғұрлым толық қуатында жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі аудан әкімдері мен салалық басқармалардың басшыларының назарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңа жобаларды іске асыруға тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз етуге, тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтауға, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау салаларында адам капиталының сапасын арттыруға аударды.
Мәжілісте 2019 жылдың бірінші тоқсанында облыстық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалу қорытындылары туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Бюджет көлемі 39,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімінен екі пайызға өсті. Ал, шығыс бөлігі 98,4 пайыз көлемінде игерілді. Бюджет көлемі 8 ауданда толық игерілсе, қалғандарында жүз миллион теңгеден астам қаржы игерілмей қалды.
Осы мәселеге де терең бойлаған облыс әкімі облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, аудандар мен қалалардың әкімдеріне биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджетке салықтар мен төлемдердің жүз пайыз толық түсуін, бюджет қаржысының, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің түгел игерілуін тапсырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бо-йынша облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысында 663 қазандық пен 75 шақырым жылу құбырының жөндеуден өткізілгендігіне тоқталып, осының нәтижесінде қыс бойы жауапты міндеттің ойдағыдай шешімін тапқанын атап өтті. Әрине, бұл тұрғыда кей жерлерде жауапкершілік жүгін жете түсінбеуден орын алған олқылықтар да бар. Әсіресе, өтелмеген жылу қарызы жыл сайын азаюдың орнына көбейіп барады.
Облыс әкімі тұтастай алғанда жылу маусымының бірқалыпты өтіп жатқандығын атап көрсете келе, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, аудандар мен қалалардың әкімдері көзделген жөндеу жұмыстарының орындалуын, 2019 жылдың 1 маусымына дейін отын сатып алу жөніндегі тендерлердің өткізілуін қамтамасыз етіп, 10 қыркүйекке дейін осы отынның екі айлық қорын жасаулары, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы қазандықтарды мамандандырылған сервистік компанияларға сенімді басқаруға беру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар