Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік көмек көрсету мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік көмек көрсету мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау,

көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселелері, облысымыздың экономикалық әлеуетін дамытатын жобалардың орындалу барысы туралы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, облыс әкімі өзінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалған Ғалым Шойкинді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Облыс әкімі, алдымен Көкшетау қаласында студенттік жатақханалар салуға дайындық жұмыстарының жүргізілу барысына назар аударды. Жоспарға сәйкес, облыс орталығында барлығы 2710 орынға лайықталған алты жатақхана салынуға тиіс.
Нақтырақ айтсақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 1000 орындық, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне 340 орындық және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, жоғары техникалық колледж, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мен Біржан сал атындағы музыкалық колледж секілді арнаулы орта білім беретін оқу орындарына арналған тағы төрт жатақхана бой көтереді. Аппарат кеңесінде осы мәселе жөнінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова колледждердің жатақханасы бойынша жобалау-сметалық құжаттары үстіміздегі жылдың қазан айында дайын болатынын жеткізді. Бұл ретте, облыс әкімі
Ермек Маржықпаев өзінің орынбасарына және облыстық білім басқармасына жатақхана мәселесін жіті назарда ұстауды, жоғары оқу орындарымен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, аппарат кеңесінде өңірдің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері сөз болды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда бұл мақсатқа бөлінген 159,9 миллион теңгенің 147 миллион теңгесі игерілген. Республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек жобасын іске асыруда Шымкент қаласынан кейін екінші орында тұрмыз. Үстіміздегі айда көп балалы аналарға облыс бойынша 172 пәтер тапсырылады деп күтілуде.
– Облыста іске асырылып жатқан барлық жобаларды бастан аяқ қарап шығыңыздар. Сол сияқты, атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселелері күн тәртібінен түспеуі тиіс. Облыс орталығында биыл тапсырылатын 80 пәтерлі тұрғын үйден де көп балалы аналарға пәтер беруді ойластыру қажет. Инвестиция тарту, құрылыс мәселелерінде де кемшіліктер бар. Үкіметпен, министрліктермен үнемі тығыз байланыста жұмыс істеуіміз керек, – деді өңір басшысы бұл сөзін өзінің орынбасарларына, басқарма басшыларына қарата айтып. Аппарат кеңесін қорытындылаған облыс әкімі сонымен бірге, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қалған күндерде көктемгі егіс науқанына дайындықты ширатуды тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар