Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депутаттар халықпен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Депутаттар халықпен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Шалқар ауылының тұрғындарымен кездесуінде әңгіме Тұңғыш Президентіміз, Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру тұрғысында өрбіді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, пайызсыз несие мен субсидиялар бөлу жайында да мәселе көтерілді.      Мәжілісмен  Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы ағымдағы жылы мемлекет қазынасынан осы өркенді саланы дамытуға 500 миллиард теңге бөлінгендігін айтып өтті.

–Елбасы біздің алдымызға еңбек өнімділігін 2,5 есеге немесе одан да жоғары деңгейге арттыруға тапсырма берді. 2017-2021 жылдарға осы мақсатқа 2 триллион 700 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, – деді депутат өз сөзінде. Кездесу барысында халық қалаулылары баспана, медицина, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдарды жөндеу, экология, халыққа білім беру мәселелері бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.

Депутат Берік Оспанов өз сөзінде ауыл адамдарының назарын аз қамтылған, көп балалы жанұяларға жеңілдікпен берілетін пәтерлердің жайына аударды. Бүгінде  6 мың пәтердің құрылысын жүргізу үшін ұлттық қордан 50 миллиард теңге бөлу  қарастырылған. Еліміз бойынша қазір жеңілдікпен  баспана алу кезегіне 40 мыңға жуық адам тіркелген. Жоспар бойынша 5 жыл ішінде осыншама  пәтер пайдалануға берілмекші. Олардың басым бөлігіне түркістандықтар ие болмақ. Ақмола облысы аймағының тұрғындары үшін 170-тен астам тұрғын үй салынады.

Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев кездесуге келгендердің сауалдарына жауап бере отырып, автожолдарды жөндеуге байланысты шараларды да назардан тыс қалдырмады. Қазіргі кезде «Шалқар-Мәншүк» бағыты бойынша тас жолдарды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл іспен  BI Grup компаниясының «АБК Автодор НС» жол жөндеушілері айналысуда. 2019 жылға осы мақсатқа 959 миллион теңге бөлу жоспарланған.

Бұл күндері осындай жүздесулер аудан орталығында және басқа да ауылдық округтерде,  «Nur Otan»  партиясының филиалында өтеді деп күтілуде.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар