Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны баршаға мәлім. Қазақстанда осы Жастар жылын өткізу мақсатында «Ел ертеңі – жастардың қолында» атты жол картасы әзірленді.
Ол жастардың әлеуетін дамыту және нығайту үшін жағдай жасауға, қоғамдық өмірдің барлық салаларында оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған. Жол картасында төрт негізгі блок бойынша 74 іс-шара қарастырылған. Бұл шаралардың барлығы қолжетімді білім беру және таланттарды қолдау, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және патриотизмді, этносаралық келісім мен азаматтықты нығайтуға бағытталып отыр.
Сондай-ақ, жол картасында 11 негізгі бағыт бойынша іс-шаралар көзделген. Олардың ішінде: ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында «Open English» жобасын іске асыру және үш тілді оқыту бағдарламасын дамытуға жәрдемдесу (Астана қаласы әкімдігінің тәжірибесі бойынша), колледж студенттері арасында Worldskills Kazakhstan чемпионатын өткізу.
Қазіргі таңда жастар арасында қоғамдық сектордың белсенділігі артып келеді. Өңірімізде 11 мыңнан астам оқушы қоғамдық пайдалы іспен айналысады. Олар «Nur Otan» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ісі жөніндегі комитеттердің, еріктілер қатарында. Студенттеріміз «Рухани жаңғыру», «Zhas Projekt», «Менің арманым», «Жастар жылы – даңғыл жол» атты бағдарламалар мен жобалардың белсенді қатысушылары.
Жастардың бойында қазақстандық патрио-тизм мен тарихи сананы қалыптастыруда Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына, Қызылорда облысына және облыс бойынша экскурсиялық сапарлар маңызды роль атқарады. Сыныптан тыс уақытта балалармен конкурстар, олимпиадалар, турнирлер, жарыстар, «Менің Отаным – Қазақстан», «Мен және Заң» экспедиция-лары, мұражайларға жорықтар өткізіледі.
Қазіргі уақытта облыста әскери-патриоттық клубтарды, әскери іс пен дене шынықтыруды тереңдетіп оқытатын сыныптарды ашу арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда міндеттерді шешудің бірқатар оң мысалдары бар.
Осы күні білім беру ұйымдарында 5509 баланы қамтитын 226 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Оның ішінде орта мектептерінде 201 клуб, колледждерде 25 клуб бар. Бұдан басқа, 6 ауданда (Атбасар, Сандықтау, Есіл, Ерейментау аудандары, Степногорск, Көкшетау қалалары) әскери іс пен дене шынықтыруды тереңдетіп оқытатын 14 сынып жұмыс істейді, онда 264 бала оқиды. Барлық сыныптар мектепішілік жарғы негізінде жұмыс істейді, өзінің бірыңғай киім нысаны бар.
Мектептер мен колледждер жанындағы әскери-патриоттық клубтар Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне, Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған патриоттық іс-шараларға, облыстық байқау-сап және ән байқауына, «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынына, «Айбын» әскери-патриоттық жиынына, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Намыс» спартакиадасына үнемі қатысады.
2018 жылғы сәуір айында Бурабай ауданының «Намыс» әскери-патриоттық клубы Семей қаласында жастар арасында әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, осы әскери-патриоттық клуб Қарағанды облысының Спасск қаласындағы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысты.
Жыл сайын Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Тәуелсіздік алаңында білім беру ұйымдары арасында саптық және ән байқауы ұйымдастырылады. 2018 жылғы 3 мамырда байқау қорытындысы бойынша 3-ші орынды Краснояр селосындағы №3 агротехникалық колледжі, 2-ші орынды Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі, 1-ші орынды Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжі иеленді. Мектептер арасында 3-ші орын №6 мектеп-лицейі, 2-ші орын №5 «Таңдау», 1-ші орын №12 орта мектебі, Гран-при №21 орта мектебі алды.
Білім басқармасы жанындағы патриоттық тәрбие мәселелерінде жұмысты үйлестіруді дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығы жүзеге асырады. Басты міндеті – алғашқы әскери дайындық оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету, өскелең ұрпақтың дене дайындығын жетілдіру болып табылады.
«Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысына байланысты 2018 жылғы 24 желтоқсанда Ақмола облысында «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған. Филиал облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығының базасында орналасқан, төрағасы Сағидолда Орынбек Мәниұлы (Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы).
Филиал қызметінің негізгі мақсаты жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани-адамгершілік және дене шынықтыру дамуы-на жағдай жасау бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды дене шынықтыру мен спортқа белсенді тарту, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дәріптеу болып табылады.
Білім басқармасы жыл басынан бері жастардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізді. Мәселен, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ІХ Республикалық қысқы спартакиадасына республиканың барлық өңірлерінен 1 мыңнан астам жас спортшы қатысты. Ақмолалық жастар жалпыкомандалық есепте 5 орыннан табылды. Сонымен қатар, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» облыстық жас педагогтардың байқауында облыстың ең үздік 17 жас педагогы өзара бақ сынады. Байқаудың бас жүлдесі Жақсы ауданындағы Запорожье орта мектебінің тарих пәнінің оқытушысы Қайыржанов Алтынбек Арманұлына бұйырды.
Ұстаз еңбегі шәкіртімен бағалы. Ағымдағы жылдың 21-24 наурыз аралығында Ақмола облысының командасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Горизонт» кубогына жасанды рельефте туристік көпсайыс бойынша ҚР чемпионатында жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.
2019 жылғы 15-20 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадасының республикалық кезеңіне Ақмола облысынан 9-11 сыныптардың 36 оқушысы қатысты. Олардың үшеуі күміс және бесеуі қола медаль иегері атанды. Ал, Қызылорда қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беру пәндерінен республикалық олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты. Сол олимпиададан оқушыларымыз тағы жүлделі жеті орынды қанжығаларына байлады.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында WorldSkills аймақтық чемпионаты ақпан-наурыз айларында 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар арасында 13 колледж базасында 32 кәсіби құзыреттілік бойынша өткізілді. Барлығы 192 адам қамтылды, оның ішінде 177 адам Ақмола облысынан болды.
Жастар жылы аясындағы іс-шаралар өзекті мәселелерді шешуге назар аударуға, жас қазақстандықтардың кәсіби және рухани даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Себебі, жарқын болашақ жастардың қолында.
Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы, техника ғылымдарының докторы.