Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аграршылар«Nur Otan» партиясының кандидатын қолдады - АРҚА АЖАРЫ

Аграршылар«Nur Otan» партиясының кандидатын қолдады

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелдеАқмола облысының аграршылары Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған үміткерді бірауыздан қолдады.
Дөңгелек үстел барысында ірі шаруа қожалығының басшылары, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қауымдастығы мен ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХсъезінде қабылданған Қазақстан Республикасының Президентігіне орнына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну жөніндегі шешімін қолдады. Жиналысты ашып жүргізген «Аграрлық сектор» бағыты бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының өңірлік партиялық кураторы, «Шаңырақ» серіктестігінің құрылтайшысы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Максим Божко кезектен тыс президенттік сайлау өз уақытында белгіленіп отырғанын атап өтті.
Шара барысында кезектен тыс сайлауды өткізуді және «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдау жөнінде ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен аграрлық сектордың ардагерлері сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның өз алдына экономиканың сапалы өсуіне қолжеткізу және әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына ену бойынша ауқымды мақсат қойғанын атап өтті. Бұл мақсатты жүзеге асыруға Елбасының бастамасымен ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, сондай-ақ, өзге де стратегиялық бағдарламалар бағытталған. Осы орайда, Ақмола облысының аграршылары 2019 жылдың 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына түсу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды. Жиналыс соңында қатысушылар осы жөнінде үндеу қабылдады. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қауымдастығы мен шаруа қожалығы басшылары үндеуінің мәтінін Целиноград ауданындағы «Шаңырақ» серіктестігінің құрылтайшысы Максим Божко оқып берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар