Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман мен дала өрттінің алды алынуда - АРҚА АЖАРЫ

Орман мен дала өрттінің алды алынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Денис Щелкоплясов брифинг өткізіп, өрт қауіпсіздігі маусымында орман мен далада өрттің алдын алу жөнінде айтып берді.

Орман өртенуінің негізгі себебі адамның салғырттығынан болатыны белгілі. Көп күттірген көктем басталысымен-ақ, әсем табиғи орындарда дем алуға тілек білдіргендер саны көбейе түсуде. Тұрғындар от жағып, кәуәп пісіруді дәстүрге айналдырған. Мұндай демалыс орындарында күл-қоқыс үйіліп жатады. Өкінішке орай, өрт қауіпін тудыратын, қоқыстарын жинамайтын жауапкершілігі жоқ адамдар көп. Осының салдарынан орман өртенеді. Осы келеңсіз жағдай жөнінде сөз қозғаған азаматтық қорғау полковнигі биылғы жыл басынан бері Ақмола облысының орман алқаптарында 4 өрт оқиғасы тіркелгенін айтып өтті.

–Жыл басынан бері облыс аумағында шөп алқабы жануының 7 оқиғасы болды. «Азаматтық қорғау жөніндегі» Заңға сәйкес, өңірдегі орман қоры аумағының өрт қауіпсіздігі саласын Ақмола аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы мен орман иелері бақылайды. Заңнамада дала өртін сөндіру аудан әкімдіктеріне жүктелген. Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің бұйрығына сәйкес, облыста өрттің қауіпті маусымы басталды. Осыған орай, төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша облыстық комиссияның отырысы болып өтті. Іс-шараға қала мен аудан әкімдері, төтенше жағдай мен азаматтық қорғаныстың облыстық қызметі, орман шаруашылығының басшылары қатысып, облыс аумағының орман мен даласын өрттен қорғау жағдайын қамтамасыз ету деңгейі, осындай өртті жою қызметі дайындығының деңгейін арттыру жөнінде талқылады. Төтенше жағдайларды уақытында ескерту мақсатында облыстық жүйенің дайындығы қаралып, өрттің алдын алу үшін облыстық әкімдік қаулы қабылдады. Қауіпті өрт маусымында орман мен дала өртін ескерту және жою бойынша облыстық жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, мұндай жоспар Ішкі істер министрлігінде де бекітілді. Жоспарға қорғаныс жолағымен бірге авиациялық және жерден қадағалау, оқу-жаттығу өткізу және өртке қарсы өзге де шаралар енгізілген,– деді Денис Щелкоплясов.

Бүгінгі таңда Ақмола облыстық табиғи ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасының базасында өңірдің орман шаруашылықтарымен орман өртін сөндіруді ұйымдастыру, күштерді тәртіпке келтіру және дала мен елдімекендер өртін сөндіруге қаржы бөлу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.

–Биылғы жылғы мамырдың бірінші онкүндігінде Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында «Өрт-2019» аумақтық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған. Оның барысында ауқымды табиғи өрт болған кезде органдар басқармаларының, өрт сөндіру құрылымдары, апаттан құтқару қызметі, орман шаруашылықтары мен тұрғындардың қимылы жаттықтырылады. Табиғи және техногендік мінездегі төтенше жағдайды ескерту және жоюға жергілікті атқарушы органдар 161 миллион 409 мың теңге бөлді. Мұдай өрт немесе төтенше жағдай болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының әскери бөлімшелері мен ҚР Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы тартылады. Облыс аумағында 25 орман өртінің станциясы, 42 өртті бақылайтын мұнара, 52 өрт сөндіру автокөлігі, 130 тіркемесі бар трактор, 793 ранцалық өрт сөндіргіш, 71 өрт мотопомпасы, 254 балта, 90 бензоара, 1324 күрек, 1382 радиостанция дайындалды. Ауылдық жерлерде назар аудару жүйесі дамуда. Облыста 1141 адамы бар 208 ерікті өртке қарсы құрылым жұмыс істейді. Олардың 53 өрт техникасы, 70 мотопомпасы және өзге де техникалары бар,–деген Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Денис Щелкоплясов журналистер қойған сауалдарға жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар