Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Менің атам да майдангер еді - АРҚА АЖАРЫ

Менің атам да майдангер еді

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігі мен қайсар рухының мерекесі. Кешегі соғыста жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқан соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша. Ұлы Жеңістің 74 жылдығын көзі тірі болса, менің де атам – Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылымыздың дана қариясы, асқар таудай әке, немере шөберелерінің мақтанышы Шортан Зәкірин де көтеріңкі көңіл-күймен атап өтер еді.

Ол кісі 1924 жылы 15 қаңтар күні Көкшетау ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келді. Әкесі Қожақтың дөңгеленген орта шаруасы болған. 1930 жылғы солақай саясат, қуғын-сүргін кезінде, бай тұқым, халық жауы деген желеумен Омбы облысына жер аударылады.
Ұлы Отан соғысы басталып, майданның жан беріп, жан алған кезеңінде міндетті әскерге шақырылып, екі жылдан астам уақыт Моңғолия жерінде артиллериялық полкта болады да, 1944 жылы наурыз айында полктан іріктелген біраз жауынгерлерді Гомель қаласында алты айлық дайындықтан өткізіп, 1-ші Беларус майданына аттандырады. Солардың қатарында менің атам да өлім мен өмір бетпе-бет келген ауыр кезеңдерді көзімен көріп, қайыспай көтере білді.
Польша жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат ету үшін қиян кескі ұрыстарға қатысып, жаумен шайқаста жеке ерлік үлгісін көрсетті. Отан үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, от кеше жүріп, 1945 жылы соғысты Берлин қаласының түбінде аяқтайды да, әскери міндетін Брест қаласында одан әрі жалғастырады. 1947 жылы Жоғары Кеңестің Жарлығымен еліне оралып, туған жердің топырағын басу бұйырады. Елге оралғанда кеудесінде «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», медальдары жарқырай түскен екен.
Елге оралған майдан ерлерін қаусап қалған қыруар шаруа күтіп тұрған еді. 1949 жылы 15 разъездегі темір жол жұмысына орналасады. 1957 жылы туған ауылы Қызылсаяға келіп, мектепте жүргізуші болады. Кейін осы аттас кеңшар құрылғаннан бастап, сонда қашан зейнет демалысына шыққанша еңбектен қол үзбеген. Майданнан аман-есен оралған соң марқұм Зылиқа апаммен шаңырақ көтерген. Екеуі жарты ғасыр өмірдің ащы-тұщысын бірге татып, 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 10 немере, 8 шөбере сүйді.
Соғыс жылдарында қаншама қан төгіліп, қанша өмір қиылып, халқымыз қанша қиыншылықты бастан кешті десеңізші. Аталарымыздың сол уақыттағы от кешіп, қан жұтқан ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.
Біздің қазір еркін өмір сүріп отырғанымыз, бейбіт өмірде алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз, бәрі сол кісілердің арқасы. Бізге бақыт сыйлаған аға ұрпақ өкілдерін бүгінгі ұрпақ, біздер жадымызда мәңгі сақтауға тиіспіз.
Дариға ЗӘКІРИНА,
Зеренді ауданының Қызылсая орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар