Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мол өнім алуға негіз бар - АРҚА АЖАРЫ

Мол өнім алуға негіз бар

Биылғы жылы Ақмола облысында 4 миллион 756,4 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар, оның ішінде 4 миллион 333,9 мың гектар жерге дәнді және бұршақ дақылдары себіледі деп жоспарлануда.

Негізгі азық-түлік дақылы – жаздық бидай, оның ішінде арпа, сұлы, тары, қарақұмық, нут, бұршақ, жасымық 3 миллион 629,9 мың гектар алқапқа егіледі. Үстіміздегі жылы майлы дақылдар алқабы 264,5 мың гектарды құрайды. Бұл майлы дақылдар өсіру технологиясын қатаң сақтауға және өңірде майлы дақыл тұқымын өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Азықтық дақылдардың алқабы 185,3 мың гектарды, жалпы облыс бойынша өткен жылғы көпжылдық шөпті есепке алғанда азықтық дақылдар алқабы 675,6 мың гектарды құрайды. Тұрғындармен қоса есептегенде 17,8 мың гектар алқапқа картоп, 3,8 мың гектар жерге көкөніс отырғызылады.
Облыс бойынша егіс жұмысын өткізу үшін қажетті 521,4 мың тонна тұқым ашық аспан астына шығарылуда. Бұл тұқым зертханаларда толық тексеріліп, кондициялық деп танылды. Оның 81 пайызы егіс стандартының 1 және 2 класына жатады. Егіс науқанында 16,1 мың астық сеялкасы, 1243 өнімділігі жоғары егіс кешені пайданылады. Биылғы жылы бұл кешенмен барлық егіс алқабының 65 пайызын себу жоспарланған. Бүгінгі таңда егіске ауыл шаруашылығы техникаларының бәрі да-йын. Өңір бойынша егіс жұмысын жүргізу үшін 73,6 мың тонна дизель отыны, 7,6 мың тонна бензин, 4,1 мың тонна дизель майы қажет. Дала жұмысын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен (литрі 183 теңге) 65 мың тонна дизель отыны бөлініп, операторлар наурыз бен маусым аралығында белгіленген кестемен тасымалдауда. Бұл бағытта облыс бойынша мәселе туындамайды.
Бүгінгі таңда 2 миллион 331,5 мың гектар алқаптың 87,5 пайызының ылғалы жабылды. Бұл жоспарды Астрахан, Атбасар, Бурабай, Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандары артығымен орындауда. Сондай-ақ, 474,8 мың гектар жер, оның 33,3 мың гектары химиялық әдіспен, 441,4 мың гектар жер механикалық әдіспен өңделуде. Әзірше, бұл жоспардың 29 па-йызы орындалды. Бүгінгі таңда Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Қорғалжын, Сандықтау аудандарының кейбір ауыл шаруашылығы құрылымдары дәнді және бұршақ дақылдарын себе бас-тады. Облыс бойынша 18,6 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 1 мың гектарға майлы дақылдар, 1,3 мың гектар жерге біржылдық шөп себілді, 0,2 мың гектарға картоп отырғызылды. Сөйтіп, диқандар әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып, көктемгі егіс науқанын мерзімінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Валерий ЛИТОВЧЕНКО,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар