Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының ең маңызды кезеңі бас-талды. Тіркеуден өтіп, қажетті дауыс жинаған 9 үміткер сайлауалды насихат жұмыстарына кірісті.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов 6 пункттен тұратын сайлауалды тұғырнамасын жариялады. Онда жемқорлықпен күрес, саяси еркіндік, ұлттық біртектілік, экономиканы өркендету және аймақтарды дамыту мәселелері қамтылған.
***
«Ақжол» партиясынан үміткер болып тіркелген Дания Еспаеваның 3 пункттен тұратын сайлауалды тұғырнамасында еркін бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту, жемқорлықтың жолын кесу, ұлттық тәуелсіздік мәселелеріне назар аударылған.
***
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан сайлауға түсіп отырған үміткер Жамбыл Ахметбековтың 5 пункттен тұратын тұғырнамасында Батысқа еліктеуден бас тарту, қашқын олигархтарды заң шеңберінде жазалау, кедейшілікпен күрес, көрші елдермен экономикалық байланысты нығайту және әділ салық жүйесін қалыптастыруға көңіл бөлінген.