Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мейірімді мамандық иелеріне – құрмет! - АРҚА АЖАРЫ

Мейірімді мамандық иелеріне – құрмет!

Халықаралық мейірбикелер күніне орай, «Мейірбике ісі мамандарын даярлау және осы қызметтегі кәсіби стандарттау» тақырыбында ІІ-ші Ақмола облыстық форумы болып өтті. Форум жұмысына Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Бишораева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Форумның негізгі мақсаты мейірбикелік істің өзекті мәселелерін жариялау және осы салада заманауи технологияларды енгізу болып табылады. Баяндамашылар патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі, созылмалы және инфекциялық емес ауруларды емдеу, базалық жүрек-өкпе реанимациясын оқыту бағдарламасын енгізу, сондай-ақ, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру сияқты тақырыптарды ортаға салды.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 500-ден астам медициналық ұйым бар. Өңірімізде барлығы 6277 медбике жұмыс істейді. Жиын барысында денсаулық сақтау ұйымының медбикелері өзара тәжірибелерімен алмасып, бұл бағытта атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Мәселен, Көкшетау қаласындағы қалалық емханасы патронажды қызмет көрсетудің пилоттық режиміне 2018 жылы көшкен. Ол үшін емхананың бір топ мамандары ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен өткен екі апталық оқу курстарына қатысты. Қазіргі уақытта емханадағы барлық учаскелер патронажды қызмет көрсетеді. Осыған байланысты барлық мейірбикелер патронатты сөмкелермен, арнайы құралдармен қамтамасыз етілген. Мамандардың сөзіне жүгінетін болсақ, қазірдің өзінде нәтиже бар.
Форум барысында денсаулық сақтау саласының көкейтесті мәселелері әңгіме арқауына айналып, ұтымды ойлар айтылды. Бала мен ана денсаулығы, жалпы, денсаулық сақтау саласында орын алып отырған реформаларға орай медбикелерді даярлау бойынша арнайы оқу бағдарламаларына да өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Жиын соңында бірқатар медбикелер Ақмола облысы әкімінің, Денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Форум жұмысы мерекелік концертке ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар