Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сайлауға жан-жақты дайындық жасалуда» - АРҚА АЖАРЫ

«Сайлауға жан-жақты дайындық жасалуда»

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы
Манарбек Сәдуов:

Биылғы жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауының өткізілуіне орай, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы М.А.Сәдуовты сайлауға байланысты өзгерістер мен облыстағы сайлау комиссиясының жұмысын тарқатып айтып беру тұрғысында әңгімеге тартқан болатынбыз.

– Манарбек Айдарбекұлы, алдымен биылғы кезектен тыс Президент сайлауына тіркелген үміткерлер мен оның өтуіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз.
– Оқырманға белгілі болғанындай, Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына жеті үміткер қатысып отыр. Президенттікке мұндай көп кандидаттың қатысуы біздің тарихымызда алғаш рет орын алуда. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырда сағат 18.00-де аяқталды. Бұдан басқа, Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетін кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 2019 жылғы 6 мамырға дейін тіркеген болатын. Кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау туралы мәліметтерді екі күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсыну мерзімдерін қысқарту, қол қою парақтарын беру мерзімдерін екі күнге дейін, сондай-ақ, қол қою парақтарын тексеру мерзімдерін бес күнге дейін қысқарту туралы ОСК қабылдаған бірқатар шешімдер кандидаттарды тіркеу кезеңін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік берді. Босатылған уақыт кандидаттарға штаб қызметін ұйымдастырумен айналысуға, сайлау қорларында қаражатты жинақтауға және үгіт кезеңіне неғұрлым сапалы дайындалуға мүмкіндік береді. Міне, осылайша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне жеті кандидатты тіркеді. Олар – «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәдібек Түгел, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясынан» Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Дания Мәдиқызы Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партия-сы» қоғамдық бірлестігінен Төлеутай Сатайұлы Рахымбеков, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков, «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысы қоғамдық бірлестігінен Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Осылайша 2019 жылғы 11 мамырдағы жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағаттан кейін үгіт-насихат жұмыстары басталып та кетті.
Ақмола облысының жаңа сайлау комиссиясын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Сайлау туралы Конституциялық заңының 10-бабы және 20-бабы 2-тармағында белгіленген тәртіппен және сайлау комиссияларының бірінші отырысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары сайланды. Облыс тұрғындарына сайлау комиссияларының жаңа құрамы сайлау туралы мәслихаттардың шешімі туралы және олардың орналасқан жері туралы хабардар етілді.
Қазіргі таңда тағы бір айта кететін жағдай, сайлауға байланысты күнтізбелік жоспар бекітілген.
Орталық сайлау комиссиясының осы жоспары бойынша біздің жергілікті орталықта да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ең бірінші сайлаушылардың тізімі жасалып, барлық учаскелермен тығыз байланыс орнатылды.
– Облыс бойынша сайлаушылар саны мен учаскелер саны қанша?
– Елімізде ресми түрде 11 мамырдан басталған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымға дейін жалғасатын болады. 8 маусым тыныштық күні, яғни, онда ешқандай үгіт-насихат жүргізілмеуі керек. Осының бәрін бақылап, қарап отырмыз. Енді біздің Ақмола облысы бойынша, сайлаушылар саны 2019 жылдың 1 қаңтарына алғанда 482478 адам. Сайлаушылардың нақты саны әлі де анықталуда. Олардың тізімін жергілікті атқарушы органдар актімен 20 мамырға дейін сайлау учаскесіне тапсырғанда белгілі болады. Жалпы облыста 724 сайлау учаскесі бар, оның 25-і жабық учаске. Олар демалыс үйлерінде, санаторийлерде демалып жатқан азаматтар, ауруханада емделіп жатқан науқастар және абақтыда қылмыстық күдікпен ұсталғандар.
Бізде барлық аумақтық сайлау комиссияларының саны 20. Оған 724 учаскелік сайлау комиссияларын қосқанда барлығы 744 болып отыр. Бұл әр жердегі адам санына да байланысты. Егер 2-3 мыңнан болса, онда сайлау комиссиясы мүшелігіне бес, жеті, тоғыз адамға дейін бекітіледі. Сайлауға байланысты тағы бір айтарымыз, комиссияның үштен бірі қайтадан сайланды. Қазір оқыту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің орталық сайлау комиссиясы академиямен келісім-шарт жүргізген болатын. Осыған орай, төрағалар мен хатшылар оқытылды. Енді аудан-ауданға шығып, учаскелік комиссияларының мүшелерін оқытып жатырмыз. Олардың заңды білуін талап етудеміз. Өйткені, заңда көп өзгерістер бар. Жаңадан комиссия құрамына енген мүшелер сайлауды бірінші рет өткізейін деп отыр. Сондықтан, оларға тәжірибе жинақтау керек.
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдайлар қарастырылған?
– Орынды сұрақ. Биыл Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) талабы бойынша мүгедектерге жақсы жағдайлар қарастырылып жатыр. Мәселен, инватаксимен оларды тиісті жерлеріне апарып, әкелу. ОСК-ның қаулыларына байланысты да мүмкіндігі шектеулі жандарға заң тұрғысынан көмектер көрсетілетін болады.
– Осы арада шетелден келетін бақылаушыларға да тоқталып кетсеңіз?
– Әлбетте, Халықаралық бақылаушылар келіп жатыр. Мысалы, қазірдің өзінде Ақмола облысына ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары мен адам құқықтары бюросынан екі бақылаушы келіп отыр. Олардың бірі Франциядан келген Камилла Форите, екіншісі Австриядан келген Мартин Россман. Олар байқаушылар ретiнде аккредиттеліп, жуырда ғана облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қабылдауында болды. Бұлар Ақмола облысындағы сайлаудың халықаралық стандарттарға, демократиялық сайлау талаптары мен заңнамаға сәйкестiгiн бағалайтын болады. Қазақстан Республикасы ОСК ақпараты бойынша, халықаралық ұйымдар Қазақстандағы сайлаудың байқаушысы ретiнде тiркелулерiн одан әрі жалғастыруда. Бүгiнгi таңда 67 халықаралық байқаушы аккредитация алды.
– Сайлаудағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында қандай адамдарға тиым салынған? Осы мәселеге нақтырақ тоқталсаңыз.
– Дұрыс айтасыз. Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы үгіт – бұл сайлаушыларды сол немесе өзге кандидатты жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге қатысуға түрткі болуға бағытталған қызмет.
Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге сол немесе өзге кандидатты, саяси партияны қолдап немесе оларға қарсы сайлау алдындағы кедергісіз үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді. Заңда сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынатын субъектілердің санаттары көзделген. Сондықтан да, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ, қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдары мен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьяларға үгіт жүргізуге тыйым салынады. Оған қоса, сайлау комиссияларының мүшелері, діни бірлестіктер мен шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдарға үгіт-насихат жүргізу ісіне араласуға болмайды.
– Ал, үгіт жұмыстары қандай тәсілдермен жүргізіледі және мерзімді басылымдарда орналастыру тәртібі қандай?
– Үгіт жүргізу алдымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ, кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару мен тарату арқылы осы үш тәсілмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ОСК-ға БАҚ-тан 139 ақпараттық хабар келіп түсті, барлық хабарлар ОСК-ның сайтында орналастырылған. Сондықтан, кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспа алаңын беру туралы шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға басымдық туғызбауға тиіс. Кандидаттардың біріне берілген эфир уақытын, баспа алаңын бөлуге келісім беру өзге де кандидаттарға эфир уақытын, баспа алаңын бөлуге келісім беру болып табылады.
Президенттікке кандидаттар бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт материалдарын ұсынған кезде олардың Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс. Кандидаттар үгіттік баспа материалдарын тиісті объектінің меншік иесінің рұқсатымен өзге жерлерде ілуге құқылы. Үгіт материалдарын тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ескерткіштерге, обелискілерге, ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй-жайларға ілуге тыйым салынады.
Тағы бір айта кететін жайт, сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты кандидатқа, саяси партияға қызмет көрсететін барлық жеке және заңды тұлғалардың олардан қызмет қабылдауға жазбаша келісімі болуы тиіс екенін ерекше атап өткім келеді. Жазбаша келісімі жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылатын болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемі көрсетілген. Мемлекет қағидалар шеңберінде өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін ақша қаражатын тең бөлуге кепілдік береді. Әрбір кандидатқа теледидардан 15 минуттық сөз сөйлеуге, радиодан 10 минуттық сөз сөйлеуге және баспа басылымдарында екі мақала жариялауға қаражат бөледі. Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен сайлау комиссияларының хабарламаларын мерзімді баспасөз басылымдарына орналастыру тәртібі мен көлемін реттейді.
Бұдан бөлек, сауалнамалар жүргізетін тұлғалар нәтижелерді жариялауға тыйым салынған кезеңде интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланбауы тиіс. Бұл норма қоғамдық пікірмен, атап айтқанда, Интернет желісінде фейсбук хабарламаларын құру және тарату жолымен манипуляциялауға жол бермеу үшін көзделген. Сондықтан, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін жариялау шарттарын бұзу адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. Ал, Интернет желісіндегі үгітке келер болсақ, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4- тармақшасына сәйкес интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 120-бабында осылай деп көрсетілген. Яғни, оларға сайлау туралы заңның барлық ережелері қолданылады, демек, интернет-ресурстарда үгіт материалдарын орналастыру мониторингі баспа басылымдарына ұқсас жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына әлем көз тігіп отырғаны жасырын емес. Себебі, тәуелсіз Қазақстанда екінші Президентімізді сайлағалы отырмыз. Сондықтан, қазіргі Президенттің айтуы бойынша, сайлау заңды әрі ашық түрде жүзеге асырылмақшы.
– Келелі әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатты жүргізген Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар