Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тектінің тұғыры да биік - АРҚА АЖАРЫ

Тектінің тұғыры да биік

Райхан күні бүгінге дейін өмірде өте қарапайым, ақжарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін ақкөңіл, жасы үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысатын, адамгершілігі мол жан.

Райханның ата-анасы Көкше өңіріне танымал, елдің дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге айтарлықтай үлес қосқан белгілі адамдар. Әкесі Сиянбек жергілікті билік органдарында жауапты қызмет атқарып, соғыстан кейінгі жылдары Көкшетау аудандық партия комитетіне жетекшілік еткен, яғни, аудан басқарған. Шешесі Шәмшібану Қызылжар педучилищесін тәмамдағаннан кейін өскелең буынға білім мен тәрбие беру саласында еңбек етіп, әсіресе, көп балалы, жалғызілікті отбасындағы ұл-қыздардың азамат ретінде қалыптасуына ерекше назар аударған. Осындай шаңырақта өскен Райхан да жас-
тайынан оқуда зерек болды.
Соның айғағы шығар, 1971 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық инс-
титутын ойдағыдай аяқтаған соң жас маман Айыртау және Көкшетау аудандарында мектеп мұғалімі болып қызмет атқарды. Қоғамдық өмірге белсене қатысуымен де көзге түсіп, біраз уақыт комсомол мен партия ұйымдарында, аудандық әкімшілікте іскерлігімен танылды. 2000 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы Ақмола облыстық филиалында (қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» құрамына кіреді) кадр жұмысымен айналысты. Атқарған қызметіне адал, еңбекқор Райханды бізбен ынтымақтас барлық мекемелерде құрмет тұтқанын көзімізбен көріп, сүйсініп жүрдік. Кейіпкеріміздің тағы бір қасиеті – тағдырдың жазғанына мойымауы. Өмірлік жолдасы Сәрсен бұл дүниеден ерте озып, қызы Ғалияға бір өзі әрі әке, әрі ана болды. Қазіргі таңда Ғалия кеден мекемесінің белді қызметкері, 3 баланың анасы. Ұлы Сұлтан елордада халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Қызы Аружан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті болса, кенжесі Аяжан Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы.
Бір кездегі жас Райхан Сиянбекқызы Қоңырбаева да ертең міне, жетпіс жасқа толып отыр. Осындайда өтіп бара жатқан уақыт дейсің. Бұрын бірге қызмет атқармасақ та, өз ұжымымыздың қабырғасында істеген санаулы жылдарда кісілігін, іскерлігін көрген әріптесімізге тілейтініміз, деніне саулық, жасына жас қосылып, балаларының ортасында мол қызыққа бөленсін.
Атам қазақ «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады, текті адамның тұғыры, әрдайым биік тұрады» демекші, жасай бер, жақсылықтар төрінен көріне бер, Райхан. Бүкіл ұжымның тілегі осы!

Ботагөз ҚОШҚАРБАЕВА,
Сағындық ҚҰСАЙЫНОВ,
зейнетақы төлеу орталығы филиалының ардагерлері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар