Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экономика тұрақты дамуға тиісті. Талап осы! - АРҚА АЖАРЫ

Экономика тұрақты дамуға тиісті. Талап осы!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде 2019 жылдың төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, денсаулық сақтау ұйымдарының апатты жағдайдағы нысандарды жөндеу және кейбірін жою жөніндегі жол картасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әкімдік мәжілісін бастамас бұрын өңір басшысы жақында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланған Әлібек Баймағамбетов пен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне тағайындалған Шоқан Әнуәрбековты таныстырып, қызметтеріне табыс тіледі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев баяндама жасады. Ол экономиканың көптеген салалары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Қазір ауыл шаруашылығы саласындағы жеке көлем индексі бойынша республикада көш бастап тұрмыз. Мұндай өсім әсіресе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында да байқалады. Бөлшек сауда, көлік қызметі мен байланыс жүйелерінде де ілгерілеушілік бар.
– Облыс кәсіпорындары есебінен 32,3 миллиард теңгенің азық-түлік өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 21,1 пайызға артты. Ет өндірісі екі есеге, сондай-ақ, шұжық, ұн өнімдері мен сары май өндіру де артты. Өнеркәсіп саласында подшипник, полиэтилен өнімдері, алтын, құрамында алтын және мыс бар кен өндіру ұлғайып отыр, – деді Қанат Дүзелбаев.
Сонымен қатар, басқарма басшысы кейбір өңірлер бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, негізгі қорға инвестициялар тарту және құрылыс жұмыстары көлемінің кемуіне жол берілгенін атап өтті.
Сол себепті, облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәжілісте аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріндегі олқылықтар үшін бірқатар аудандар мен қала әкімдерін, басқармалардың басшыларын орындарынан тұрғызып, себебін сұрады және әрқайсысына биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жіберілген кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Әкім облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, әлеуметтік маңызды тауарларға бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде инвесторлар тарту бойынша жұмысты ширатуды тапсырды. Облыстық құрылыс, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшыларына өңір әкімдерімен бірлесіп, тиісті салалар бойынша көрсеткіштерді жақсарту қажеттігін де ескертті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен өңірлердің әкімдерінен көктемгі дала жұмыстарының кестеге сай мерзімінде жүргізілуін талап етті.
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді-мекендерді дамыту және «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы салаларындағы түйіткілді мәселелерді шешуге бағытталған 29 жобаны жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ал, денсаулық сақтау ұйымдарына тиесілі апатты жағдайда тұрған ғимараттарды жөндеу және жою бойынша жол картасын жүзеге асыру жұмыстары жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді. Оның айтуынша, облыста денсаулық сақтау саласына тиесілі 570 нысан болса, оның 80 пайызы жөндеуді қажет етеді.
– 2017-2018 жылдары облыстық бюджет есебінен 21 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биылғы жылы тағы 9 ғимаратқа құны 652,5 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған, – деді Сәуле Қисықова.
Қазіргі таңда 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Олардың арасында Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана, Аршалы ауданындағы 42-разъезд стансасының медициналық пункті, Атбасар ауданындағы Новоалександровка, Шортанды ауданындағы Степной және Целиноград ауданындағы Софиевка ауылдарының дәрігерлік амбулаториясының құрылыстары бар.

Облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өңірдегі 7 денсаулық сақтау нысанына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жиынды қорытындылаған облыс әкімі айтылған барлық мәселелер бойынша қолға алған жұмыстарды ширатуды, аудан, қала әкімдеріне, департаменттер мен басқармалардың басшыларына әр сала бойынша нақтылы нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар