Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыз өссе, елдің көркі - АРҚА АЖАРЫ

Қыз өссе, елдің көркі

Халқымыз ежелден қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қызға қырық үйден тыйым деген. Өйткені, қыз бала болашақта отбасының ұйытқысы, бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейтін ана. Осы тұрғыда мектебіміздегі оқушы қыздардың білім ордасында, отбасында алып жатқан тәлім-тәрбиесінің қаншалықты деңгейде екендігін байқау мақсатында «Мектеп аруы-2019» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ол бес кезеңнен тұрды.

Қыздарымыз өз-өздерін таныстыру қажет болған бірінші кезеңде олардың сөз сыңайы мен киіну үлгісіне көп мән берілді. Екінші кезең – қонақжайлылық, яғни, тағам дайындау еді. Оның барысында қыздарымыздың өздері қалап алған тағам түрін қалай дайындағанына, оның дәміне ғана емес, сол тағамды таныс-
тыру кезіндегі білігіне де мән берілді. Үшінші кезеңде байқауға қатысушылар өз өнерлерін көрсетуге тиіс болатын. Қыздарымыз бұл жағынан да бірінен-бірі асып түсті. Атап айтсақ, 10 «а» сынып оқушысы Зарина Нұриденованың оқыған монологынан көрермендер көзіне жас алды. Төртінші кезеңде аруларымыздың тапқырлығы сынға түсті. Сөйтіп, көрермендер қыздар жасаған әр түрлі заттардан көп ой түйді. Бесінші, яғни, ең соңғы кезеңде байқауға қатысушылар тағы да үйлерінен өз қолдарымен тігіп немесе жасап әкелген сәнді көйлек, қол сөмке, тағы басқа бұйымдарды көпшілік назарына ұсынып, оларға қысқаша сипаттама берді.
Осылайша мазмұнды өткен әрі бүгінгі қыздарымыздың ұлттық салт-дәстүріміздегі аяқ алысын аңғартқандай болған байқау қорытындысында бас жүлде 10 «ә» сынып оқушысы Жанель Төребаеваға бұйырып, ол «Мектеп аруы-2019» байқауының жеңімпазы атанды. Бірінші орын 10 «а» сынып оқушысы Зарина Нұриденованың еншісіне тисе, екінші, үшінші орындарды 8 «б» сынып оқушысы Розалина Қырғызбаева мен 8 «ә» сынып оқушысы Жансая Сүлейменқызы еншіледі. Бұған қоса, байқауға қатысушылардың бәріне естелік сыйлық берілді.
Тағы бір атап өтерлік жай, сайыс барысында өнер көрсеткен қыздарымызды олардың ата-аналары, қолдаушы топтар барынша қолдап, дем беріп отырды. Ал, сыйлық жағына сынып жетекшілерінің өздері демеушілік жасады. Осының бәрінен шығатын қорытынды, біздің мектеп оқушыларының тәлім-тәрбиеден құр қол емес екендігі, жастардың қолынан талай іс келетіндігі анық аңғарыла түсті. Тек алда да осының бәріне дұрыс көмек-қолдау мен бағыт-бағдар керегі анық.
Съезхан Нұршаш,
Қараөткел №2 орта мектебінің
аға тәлімгері.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар