Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Төл мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күніне арнаған жүрекжарды құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Сіздердің жанқияр еңбектеріңіз бас иіп, құрмет тұтуға лайықты. Жүрегі қайырымды, алақаны аялы ақ халатты абзал жандарға ең қымбатты – денсаулық пен адам өмірі сеніп тапсырылған.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында ұлт денсаулығы ең басым бағыт болып айқындалған. Қазіргі күні еліміздің жаңа даму сатысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту міндетін қойып отыр.
Ақмола облысында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бағытында кешенді шаралар қолға алынуда. Олардың арасында жаңа емдеу орындарын салу, қолданыстағы денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа технологияларды кеңінен енгізу, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттер бар.
Қазіргі күні өңіріміздегі денсаулық сақтау саласында 14 мыңнан астам адам еңбек етуде. Олардың 1865-і дәрігерлер болса, 9 мыңнан астамы кіші және орта буын медицина қызметкерлері. Күн сайын сіздер өздеріңіздің жауапты да маңызды міндеттеріңізді абыроймен орындай отырып, жанашырлық танытып, өзгелерді дерттен жазуға атсалысасыздар. Тәндерін аурудан айықтыра отырып, оларға қуаныш пен бақыт сыйлайсыздар.
Сіздердің өмірлеріңізде қуаныш пен адамдардың ақ алғысы көбірек болсын! Отбасыларыңыздың ортасында бақытқа бөленіп, еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспін және ең бастысы, зор денсаулық тілеймін!