Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағытымыз – әлемдік деңгейдегі медицина жүйесін құру - АРҚА АЖАРЫ

Бағытымыз – әлемдік деңгейдегі медицина жүйесін құру

Қазір Ақмола облыстық денсаулық сақтау жүйесі елеулі оң өзгерістерге бет бұрды. Жаңа тұрғын үйлер салынып, қаржыландыру мәселесі артып, қолданыстағы медициналық мекемелер қалпына келтірілуде. Оған қоса, алғашқы медициналық, амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек дамып келеді.

Заманауи медициналық-технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану – бұл барлық облыс тұрғындарының, әрбір отбасының, әрбір азаматтың денсаулығына қызмет көрсету сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді. Нақтырақ айтсақ, облыста 11 мыңнан астам дәрігердің орташа жалақысы 147 мың теңгеден 191 мың теңгеге дейін, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 101 мыңнан 131 мың теңгеге дейін көбейтілді. Жыл сайын денсаулық сақтау саласының бюджеті өсіп келеді. Мәселен, соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесінің бюджет шығыстарының көлемі 13 пайызға, яғни, 2016 жылғы 35 миллиард теңгеден 2019 жылы 40 миллиард теңгеге дейін өсті, соның нәтижесінде медициналық және профилактикалық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мәселелері шешімін табуда. Тек соңғы төрт жылда 800-ден астам медициналық құрал-жабдықтар, 100 жедел жәрдем көліктері мен реанимобильдер сатып алынды. Сондай-ақ, 50 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп, 20-ға жуық нысан пайдалануға берілді. Биыл облыстық бюджет есебінен Атбасар ауданының Бастау ауылындағы және Аршалы ауданындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Ал, Көкшетау қаласындағы онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасуда.
Биылғы жылы Целиноград ауданының Қосшы ауылында бір ауы-
сымда 100 науқасқа арналған емхана құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылында емдеу амбулаториясына, Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 30 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгеге шамамен 100 медициналық техника мен құрал-жабдықтар және 996 компьютер сатып алу көзделген. Оған қоса, 9 денсаулық сақтау нысанында 653 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын цифрландыру шеңберінде облыс тұрғындарының 97 пайыздан астамы электрондық денсаулық паспортын алған. Әлеуметтік желі бойынша тұрғындардың 34 пайызы «ДамуМед» мобильді қосымшасын пайдаланып, оның өзі шамамен 150 мың пациентті құрап отыр.
2018-2019 жылдары Көкшетау қаласында және Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында 2 жастар денсаулық орталығы ашылды. Сондай-ақ, Степногорск және Атбасар қалаларында осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпсалалы облыстық ауруханасының базасында шамамен астана маңындағы екі жүз мың тұрғынға арналған медициналық орталығы ашылды. Өткен жылы ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде облыста өлім-жітімнің жалпы коэффициенті, нәрестелер өлімінің көрсеткіші, жарақаттану, жазатайым оқиғалардан, уланудан, туберкулезбен сырқаттанудан және онкопатологиялық өлім-жітім азайды. Дәрігердің жүктемесі 2017 жылы 1785 адам болса, 2018 жылға дейін 1640 адамға дейін қысқартылды.
2018 жылға дейінгі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларының рейтенгінде республика бойынша біздің Ақмола облысы жетекші орынға ие болды. Негізгі міндеттердің бірі – медицина қызметкерлерін оқыту болып табылады. Өткен жылы Ақмола облысы әкімінің қаулысымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 197 студент, соның ішінде облыс әкімінің 50 грантының иегерлері мен шетелдік студенттер білім алатын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша медициналық факультет құрылды. Сонымен бірге, 2018 жылы бірінші курста оқитын студенттердің үшеуіне Ақмола облысы әкімінің атынан әрқайсысына 700 000 теңге көлемінде қосымша жеке стипендия тағайындалды. Көп балалы отбасында тәрбиеленген Есенгелді Аружанға 2019-2020 оқу жылында атаулы шәкіртақы алуға сертификат табыс етілді. Биылғы жылы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің арасында қайта бөлу туралы 400-ден астам өтініш облыстың медициналық ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының базасында компьютерлік томография кабинеті ашылды. Облыстың түрлі аудандарындағы медициналық ұйымдарға және жедел жәрдем с танцияларына арналған 40 заманауи санитарлық көлік сатып алынды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі толық көлемде жүзеге асырылатын болады. Ақмола облысы бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, қазіргі күнге дейін 6 миллиард теңгені құрады.

Сәуле ҚИСЫҚОВА,
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар