Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейлі жандарға арналған мерекелік сәт - АРҚА АЖАРЫ

Мерейлі жандарға арналған мерекелік сәт

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау» мәдениет сарайында болып өткен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында облыс басшысы өңіріміздегі 17 аудан мен Көкшетау және Степногорск қалаларының жедел жәрдем станциялары үшін жаңа санитарлық 40 автокөліктің сертификатын, яғни, «ГАЗ-Соболь» маркалы 35 желілік бригадаларына арналған жылжымалы медициналық кешен мен 5 «УАЗ» маркалы жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыс етті.

Медициналық жедел жәрдем бригадалары үшін берілген жаңа жылжымалы кешендер 100 пайыз медициналық жабдықтармен және осы мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылған және ол халыққа шұғыл көмек көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін жедел жәрдем көліктерінің ескіруінің жалпы үлесі 72 пайызды құраса, енді бұдан былай бұл көрсеткіш 42,7 пайызға дейін төмендейтін болады.
Жылдағы дәстүр бойынша маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін медицина қызметкерлері күнінде өңір басшысы Ермек Боранбайұлы баяндама жасап, отандық медицинаның негізін қалаушы ардагерлер мен аймақтағы денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып келе жатқан ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Одан әрі өңір басшысы облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруда үздік көрсеткішке жеткен сала қызметкерлерін «Еңбек ардагері» медалімен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапаттады.
Олардың ішінде Зеренді аудандық ауруханасының терапевт-дәрігері Сажида Халықова, Аршалы аудандық ауруханасының рентгенолог-дәрігері Анатолий Плясовиц, көпбейінді облыстық аурухананың перинаталдық қызмет басшысының міндетін атқарушы Айымгүл Маханова, Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасының хирург-дәрігері Анатолий Колесник, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Ақмола облыстық филиалының директоры Баян Ысқақова, Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің әдіскері Сәлима Кәрібаевалар «Еңбек ардагері» медалімен, ал, Егіндікөл аудандық ауруханасының ем-шара жасау кабинетінің медбикесі Алла Радченко, Қорғалжын аудандық ауруханасының педиатр-дәрігері Марал Шардарбекова, Бурабай селосының қосалқы көмек-дәрігері Наталья Ким, Есіл аудандық ауруханасының педиатр-дәрігері Елена Носовецтер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Астрахан аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігері Гүлназира Искакова, Біржан сал аудандық ауруханасының УДЗ дәрігері Жанбибі Жанпейісова, Жарқайың аудандық ауруханасының Гастелло ауылындағы ФАП мейірбикесі Зәуреш Байгенжина, көпбейінді облыстық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Нұржан Искаков және Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ақбөпе Шамратовалар марапатталды. Сондай-ақ, медицина саласының бір топ қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
Осы салтанатты кештегі тағы бір ізгілікті іс – медицина саласына бар қажыр-қайратын сарп еткен құрметті ардагер Болат Жанәділовтің мерейлі күніне орай, облыс әкімі Ермек Боранбайұлы смарт-теледидары мен гүл шоғын табыс етіп, зор дансаулық тіледі. Өз кезегінде ардагер Болат Сүлейменұлы да шексіз ризашылық сезімін білдірді.
Салтанатты шара барысында «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» филиалының төрағасы Серік Кәкенов қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, кардиолог-дәрігер Ботагөз Тілеубаеваға 2 058 600 теңгенің және эндокринолог-дәрігер Гүлмира Сыздықоваға 1 549 120 теңгенің, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін, 7-20-25 бағдарламасы аясында бастапқы төлемсіз екі сертификатын табыс етті.
Бүгінгі күні облыс тұрғындарына 567 мемлекеттік және 23 жеке ұйымдар медициналық көмек көрсетеді. Онда 14 мыңнан астам медицина қызметкерлері еңбек етеді, оның ішінде 1 865 дәрігер және 9 мыңнан астам орта және кіші деңгейдегі медицина қызметкерлері бар.
Елбасы Н.Назарбаев қашанда халықтың денсаулығы еліміздің тұрақты дамуы мен оның әл-ауқатының негізгі шарттарының бірі екенін қадап айтқаны белгілі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі.
Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар