Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент - АРҚА АЖАРЫ

Президент

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысып, осы сапар барысында бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі өзінің алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтты. – Ұлықтау рәсімінен кейінгі Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру, – деді Қазақстан Президенті.
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Тараптар алдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесулері жылы жағдайда өтті. Бұл мемлекеттердің басшылары да Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен және Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтады. Қалыптасқан қарым-қатынастар одан әрі жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы, Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Білім және ғылым министрі, Анар Нұралықызы Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы, Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының, Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының, Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімдері, Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ерлан Еркінұлы Баттақов Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар