Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарих тағындағы Тәуелсіздік тағдыры - АРҚА АЖАРЫ

Тарих тағындағы Тәуелсіздік тағдыры

9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген Әрбір азаматтың пікірі – Біз үшін өте маңызды!

Өйткені, халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз. Сондықтан, Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді:
Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін.
Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету.
Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз – бір! Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!
Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның Көк туын дүние жүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті.
Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілектер келіп түсуде. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек бар: Елбасымыздың жолын, Стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту. Шын мәнінде, халықтың Дәл осындай өтініш-тілек айтуы – заңды, орынды. Себебі, қазіргі дамыған Қазақстан – бұл, ең алдымен, Елбасының арқасы.
Елбасы – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Ол жаһандық деңгейдегі мемлекет қайраткері. Әлем тарихына дәл осылай жазылды.
Елбасының халқымыз үшін және әлемдік қоғамдастық үшін сіңірген орасан зор еңбегін әрқашан құрметтеу – бәрімізге ортақ парыз.
(Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінен).

Сайлау өтті! Халық өз таңдауын жасады! Таңдау Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа түсті. Күнтізбенің 2019 жылғы маусым айының он екісі, сәрсенбінің сәтті күні жаңадан сайланған Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Ұлықтау дегенді өз басым таққа отыру деп ұғындым. Сол тарих тағында еліміздің жаңа Президентімен бірге Тәуелсіздігіміздің болашақ тағдыры бардай әсерде болдым.

Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінің тарихи бір сәті, Ант қабылдаудан кейін сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін «Аса қадірлі Елбасы!» деп бастауы және де «ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның Көк туын дүние жүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті,–деп баға бере сөйлеуі көңіл толқытқаны да анық. Өйткені, сайланған Президентті ұлықтау рәсіміне қатысып отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата айтылған Қасым-Жомарт Кемелұлының осы бір ауыз сөзінде әр қазақстандықтардың жүректеріндегі Елбасыға деген терең құрмет пен әлдебір қимастық та жатқан болатын.
Қазақ тарихында бір Президент ауысып, бір Президенттің билікке келуінің мұндай салтанаты тұңғыш рет болып отыр. Және де өзінің билігін өз еркімен берген Тұңғыш Президент Назарбаев пен жаңадан сайланған Президент Тоқаев арасындағы қарапайым адами парасаттылық байланысының адал ниетпен орныққанына да көз жетіп, көңіл иланғандай. Өз басым соған қуандым!
«Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілектер келіп түсуде. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек бар: Елбасымыздың жолын, Стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту. Шын мәнінде, халықтың Дәл осындай өтініш-тілек айтуы – заңды, орынды. Себебі, қазіргі дамыған Қазақстан – бұл, ең алдымен, Елбасының арқасы»,– деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір ауыз сөзінде адал айтылған ақиқат жатыр. Өйткені, бәріміз де, таққа отыратын ендігі Президент қазақ елінің өз тәуелсіздігінің жиырма жеті жылындағы Елбасы Назарбаевтың күрмеуі қиын күрделі кезеңдерден жол тауып, қалыптастырып берген елінің іргесін сөгіп алмай, жасап берген істерін жалғастырса деген бір ғана ойдың болғаны да анық.
Мына алмағайып заман және де сол заманның соңғы ширек ғасырдағы жаңа дүние бөлісі мен сол дүниеге өз ықпалдары, тіпті өз өктемдіктерін жүргізу үшін жанталасып, тіпті аптыққан да арындаған, қаруланып та құрсауланып та алған әлемдік саясаттың сойылы соғыла бастаған кезеңдер болды, ол әлі де бар.
Міне, тәуелсіздіктің айдынына шығып, барар жер, барар бағыты, тұрақтар айлағы беймәлімдеу кезеңде қазақ елінің екі шылбыр, бір тізгінін өз қолына алған мәртебелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалың елі мен тәуелсіздіктің және өз халқының тағдыры үшін жаңа дәуірдің жан алысып жан берісерліктей жаһандық саясаттың жанып тұрған отына да түсті, жұтамын деп тұрған айдаһардың уынан да, қорқытып алып, өзіме қаратамын деп тұрған қалың орманның нуынан да ығынбай жол таба білді.
Қазіргі уақытта біздің елімізбен әлемнің кез-келген мемлекеті санасады дейтін болсақ, біздің еліміз де, халқымыз да санасуға тұрарлық екендігіне әлемнің көзін жеткізген де Тұңғыш Президентіміз болатын. Осы орайда «Қазақ елін, қазақ деген ұлтты әлем ең әуелі Назарбаев есімімен, Назарбаев келбетімен таныды. Бұл – тарихи ақиқат!»,–деп кезінде айтқан да, жазған да болатынбыз.
Тәуелсіздіктің, Тәуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, бұған керісінше Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр – тұтас бір халықтың тағдыры! Осы орайда Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Елбасы – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Ол жаһандық деңгейдегі мемлекет қайраткері. Әлем тарихына дәл осылай жазылды. Елбасының халқымыз үшін және әлемдік қоғамдастық үшін сіңірген орасан зор еңбегін әрқашан құрметтеу – бәрімізге ортақ парыз»,– деп мәлімдеуі де әбден орынды еді. Әуелден ханының соңынан топырақ шашпаған ел екенімізді тағы да бір танытқан тарих тағындағы Тоқаевтың осы бір ауыз сөзі баршамыз үшін тоқтарлық сөз!
Ел Тәуелсіздігі үшін дүбірлі дәуірдің додасына түскен Нұрсұлтан Назарбаев нені де болса елімен бірге көрді, елімен бірге төзді, елімен бірге жеңді! Әлемдік және қазақ елі тарихында Елбасының мәңгілік ісі мен мәңгілік ізі бар. Елбасының мәңгілігі – Қазақ елі! Елбасының мәңгілігі – ел Тәуелсіздігі! Елбасының мәңгілігі – қазақ елінің Көкбайрағы, Әнұраны мен Елтаңбасы! Елбасының мәңгілігі – ел Астанасы! Елбасының мәңгілігі – жалпы Адамзат мүддесі үшін атқарып келе жатқан еңбегі екендігін ешкім де, ешқашан да жоққа шығара алмасы да ақиқат!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аса жоғары баға беруі және де зор құрмет көрсетуі мен оның жолын жалғастыратындығы жөніндегі мәлімдемесі де Тәуелсіздік тағдырының бүгіні мен болашағын сенімді етіп, айқындай түскендігін айтқан абзал. Дүниені революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен дамытудың адамзат тағдыры үшін қаншалықты маңызды екендігін Елбасы сан мәрте айтқан да болатын. Қазір тек қана ілгері қарайтын, ілгері басатын заман! Соны терең сезіне білген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сабақтастықты қазақ елін дамытудың, ел тәуелсіздігін одан әрі нығайтудың салиқалы саясаты етіп алға тартқаны да көңілге қонымды әрі орнықты ұстаным деп танимыз.
Соңғы уақытта қазақ елін демократияның елесі кезе бастағандығы да бар. Әрине, біз демократиялық және құқықтық мемлекет құруды әу бастан қолға алған елміз. Алайда, сол демократия дегеніміз қазаққа жат та дүние емес еді. Біздің халқымыздың қанына сіңіп, бо-
йына біткен бір қасиетін, сөзге тоқтай білгендігін өз басым демократияның көкесі деп те айтқан болар едім. Алайда осы күндері сол сөзге тоқтау қасиетінен айырылып бара жатқанымыз үшін де алаңдайтын жай бар.
Шет жайлап жүрген Әблязов сияқтылардың айтағына еріп, топталып алып көшеге шығу, өткенге топырақ шашу, билікті қаралау сияқты көріністер белең ала бастағандығын байқап жүрміз. Бұл біздің ұтатын емес, ұтылатын жеріміз! Бізге толқуға болмайтындығын, толқысақ толқынның астында қаларымызды да бағамдайық. Әркім өзіне өзі «мен демократиялық қоғамда өмір сүруге әзірмін бе?» деген сауал қоя білсе етті әуелі. Демократиялық қоғамда өмір сүрудің басты шарты әуелі сол өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің заңын сыйлау мен сақтаудан басталарын да ұғынар кез келді.
Біз өз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан енді аса бастаған кезеңдерінде толыққанды демократиялық қоғамға қол жеткізе алмағанымыз да анық болар бәлкім. Жиырма жеті жастағы мемлекетті әлемнің жүз жылдаған тарихы бар мемлекеттерімен салыстыруға болар ма еді?! Әр қадамын өлшеп басар, әр сөзін аңдап сөйлер кезеңде тұрмыз. Әлі де жаңа әлемде жаңаша өмір сүруді үйреніп те, игеріп те жатырмыз деп бағамдағанымыз абзал. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әрбір азаматтың пікірі – біз үшін өте маңызды! Өйткені, халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз»,–деп айтқан бір ауыз сөзіндегі «татулық», «ынтымақ», «бірлік» сияқты үш құндылық біздің бүгінгі демократия-
шыл көңіліміздің түпкірінде жатуы керек. Осы үш құндылықты сақтай білу әрқайсымыздың Тәуелсіздік алдындағы басты борышымыз болса керек!
Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың: –Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету,– деп тағы да бір айтқанын мемлекетіміздің одан әрі жетіле түсуінің кепілдігі деп ұғынар едік.
Және де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші кезекте Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын,қазіргі өткір әлеуметтік проблемаларды шешумен нақты айналысу мен аса мұқтаждарға көмек көрсету, қоғамның бірлігін қамтамасыз етіп, әр азаматтың құқығын қорғау, қашанда және қай жерде де Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау сияқты өзекті мәселелерді алға тартуының да үлкен стратегиялық маңызы бар ұстанымдар екендігін айтар едік. Бұл орайда нақтылы он міндеттің белгіленуі де, солардың кейбірінің қазірден бірден жүзеге асырыла бастауы да жаңа Президентіміздің толыққанды мемлекетшіл тұлға екендігін айғақтап, сенімді нығайта түсті.
Тарих тағындағы Тәуелсіздіктің жаңа тағдырын айқын анықтап алған жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажеттілігін алға тартты! Сол халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу сияқты бүгінгі күні қалың бұқараны толғандырып отырған өзекті мәселені де шешудің тың ойлары айтылып, олардың нақтылы шешілетіндігі жайлы да сенімді дәлел істер қолға алына бастады.
Өз халқына адал қызмет етуге Ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік ұстанымымен және өңірлерді дамытудың жаңа бағытымен, «Рухани жаңғыру» құндылықтарымыздың рухани бағдарымызбен, қалыптасқан ұстамды сыртқы саясатпен, жас ұрпаққа деген сеніммен жедел өзгерістер дәуіріне күні-түні бір қалғымай шапшаңдата қадам басып келе жатқан бүгінгі әлемге өз елімен, өз халқымен бірге қадам басты!

Әлқисса, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихтың сындарлы кезеңдерінде қиыннан жол тауып, кез-келгеннің жүрегі дауаламайтын асуларды еңсерген заңғар биіктігін жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі асқақтатып, толмай қалған тұсымызды толықтырып, болмай қалған кей ісімізді болдырып, өз халқымен бірлесіп, қазақ елінің тәуелсіздігінің жұлдызын жарқырата түсеріне сенімдіміз! Жаратқан иеміз жар болсын деңіз!

Жабал Ерғалиев,
жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар