Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейментауда – жаңа стадион! - АРҚА АЖАРЫ

Ерейментауда – жаңа стадион!

Ерейментау қаласындағы тоғыз жолдың торабындағы ата қоныста – Қарасу шағын ауданында жаңа стадион халық игілігіне берілді.

Бастама иесі – спорт жанашыры, «Ереймен күрес клубы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Қазыбек Бөкешев. Ініміздің игі қадамына ақыл-кеңесімен дем берген әкесі Балтабай, қол еңбегімен септескен спортшының бірге туған бауырлары Дастан мен Аслан, нағашылары – Бекішевтер, Ахметжановтар, шағын ауыл азаматтары.
Қос әулеттің аталары Махмет Бекішев пен Рахметолла Бөкешев кезінде ұлағатты әке, баршаға сыйлы, өнегелі болған, адал еңбегімен елге танылған, ақылшы да қамқор пейілді жандар. Осындай қос ата тәліміне жастай қанығып өскен ұрпақтың да осал болмасы анық.
Ерейментау ауданының құрметті азаматы зейнеткер аға Дайыр Жұмабековтың, имам Жандос Базарбековтың, жазушы-өлкетанушы Мейрам Бөкеш ақсақалдың ізгі ниетті ризашылық лебізі жүрекке жылы тиіп жатты. Сонымен, аяқдоп алаңынан бөлек, астына арнайы құм төселген, балалардың бойына лайық шақталған үш турнигімен воркаут алаңы, кішкентайлардың қос сырғанақ алаңы жабдықталыпты.
Іле-шала «Ереймен күрес клубының» шәкірттері мен ауыл өрендері воркаут алаңында «Қарасу-21» кубогы сарапқа салынған спорт фестивалінде бақ сынауға кірісті. Ақтық нәтижеде өз шама-мүмкіндігіне қарай турникке барынша көбірек тартылған, төзімі мен мықтылығын танытқан жүлделі үш орын иегері дараланды. Олар: Рауан Ғазизов, Қуат Арафат, Әділет Поезбаев.
Спортшылар Мадияр Қайриден, Максим Қалиев, Әділет Поезбаев білеулі темірге қос қолды тіреп, тік көтеріліп-түсуге арналған сынақта жүлделі орын тұғырына көтерілді. Төзімділік пен ептілік танытты. Ойыншылардың жеңіске деген жігері, ұпай қоржынын еселеуге ұмтылысы, епті қимылы көз қуанарлықтай. Көрермен мен жанкүйер қауым, бапкерлер бәсекеге түскен әрбір топтың ширақ қимылына ықыласпен дем берді, қарсыластың қақпасына гол енгізген табысына сүйсініспен қошемет білдірді. Нәтижесінде «Өлеңті», «Жастар», «Лион» футболшылары жүлделі үш орынды бөлісті. Жеңімпаздар кубокпен, аспалы медальмен, дипломмен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Енді жаз бойы бұл өңір балалардың шат күлкісімен көмкерілетініне, әуесқой аяқдопшыларымыз қол боста жолдастық кездесу арнасын кеңейтетініне күмәніміз жоқ. Бара-бара келешекте Ерейменнің намысын абыроймен қорғайтын кәсіпқой ойыншы, спортқа дарынды шәкірттердің өсіп шығатынына сенім мол.

Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар