Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр жастармен кездесті. Жастар сауалдарын қойды - АРҚА АЖАРЫ

Министр жастармен кездесті. Жастар сауалдарын қойды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Зеренді ауданындағы «Зерен-2019» республикалық жастар білім беру

лагерінің бірінші ауысымына қатысушы жас кәсіпкерлермен кездесіп, сауалдарына жауап берді және жастардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, пікір алмасты. «Зерен-2019» республикалық жастар білім лагерінің биылғы жылғы маусымына Қазақстан Республикасының әр өңірінен, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінен жасы 18-29 аралығындағы 600-ге жуық қазақстандық және халықаралық сарапшы қатысатыны жоспарланып отыр.

Емен-жарқын жағдайда өткен кездесуде министр мемлекет пен қоғам алдында тұрған міндеттерді айта келе, елімізде жастардың жан-жақты дамуына, ғылым және біліммен айналысуына барлық жағдай жасалынып жатқанын атап өтті.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев жастарға ерекше қамқорлық жасап келеді. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жариялануы соның анық көрінісі. Бүгін «Зерен-2019» республикалық жастар білім беру лагерінің алаңында еліміздің әр өңірінен және таяу шетелдерден келген ең дарынды, әрі бастамашыл жастар бас қосып отырсыздар. Сіздердің әрқайсыңыз осында өз жобаларыңызды таныстырып, оның мүмкіндіктері мен әлеуеттері туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе жинап, үздік бизнес – тәлімгерлерден, коучтар мен сарапшылардан білім алу мүмкіндігіне ие болып отырсыздар. Бұл сіздердің өз жолдарыңызды табуға және өз-өздеріңізге деген сенімдеріңізді арттыруға көмектеседі, – деді министр.
Бұдан әрі министр кездесуге жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Шарада лагерьге келген жастардың көпшілігі Дәурен Абаевқа өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, жаңа бастамалар мен жобалардың жүзеге асырылуына байланысты өз пікірлерін білдірді.
Ал, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова лагерьге келуші жастарды Нұр-Сұлтан қаласының күні және Ұлттық домбыра күнімен құттықтай келе, жаңа ғылыми жобаларының сәтті жүзеге
асырылуына сәттілік тіледі.
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметовтің айтуынша,
«Зерен-2019» республикалық жастар білім беру лагері 3 тақырыптық ауысымда өткізілмек. Әр ауысымға 200 жас қатысатын болады. Алғашқы ауысым жақында басталыпты. Жалпы, «Зерен-2019» республикалық жастар білім лагерінің биылғы жылғы маусымына Қазақстан Республикасының әр өңірінен, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінен жасы 18-29 аралығындағы 600-ге жуық қазақстандық және халықаралық сарапшы қатысатыны жоспарланып отыр. Лагерьде білім беру бағдарламалары (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, сұхбат алаңдары), танымал қазақстандық және саяси қайраткерлермен кездесулер, тақырыптық жобаларды әзірлеу, оларды ұсыну және дерекқорды қалыптастыру бо-йынша үздік жобалар мен идеялар іріктеліп, тізілімі жасалады.
Лагерьде жастар Азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа тақырыптары бойынша білім алатын болады. Қатысушылардың қатарында жас-тар ұйымдарының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары, академиялық қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, стартаптардың жетекшілері мен өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары бар. Соның бірі – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімазы Серік Нұркенов өзінің жеке бизнесі және табысы туралы айтып берді.
– Бүгін мұнда еліміздің әр өңірінен және таяу шетелден көптеген жастар жиналып отыр. Мен сол талантты жастардың көбімен таныстым және осындай шаралар алдағы уақытта жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген тілегім бар. Өйткені, мұнда өз жобалары мен өнімдерін ашып, дамытқысы келетін жастарға танымал спикерлер, ғалымдар, ғылым докторлары өздерінің жетістіктері туралы айтып, бай тәжірибелерімен бөлісуде. Осы ретте, мен де жастарға адам организмі мен өмір сапасына әсер ететін ядролы технологияны дамыту перспективасы, жасыл экономика, климаттық жағдайдың өзгеруі туралы айтатын боламын, – деп атап өтті «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «заң» кафедрасының 1-ші курс магистранты Дамир Бекбаев «Интеллектуалды меншік нысандарын коммерцияландыру», қостанайлық жас кәсіпкер Наурызбек Бірмағамбетов «Органикалық тыңайтқыш өндіру» бойынша жобаларымен бөлісті.
Кездесу соңында Дәурен Абаев жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешуге, сонымен қатар, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты ретінде қарастырылатынын тілге тиек етті.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар