Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолаушы қызметі мінсіз болсын - АРҚА АЖАРЫ

Жолаушы қызметі мінсіз болсын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті аппарат мәжілісінде Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловқа жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығымен бірлесіп, таяуда ғана сатып алынған 31 жаңа автобусты желіге жеделдетіп шығаруды тапсырды.

Өңір басшысы қоғамдық көлік мар-шруттарын нақтылауды және электронды билет беру жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. «Қала жыл санап өсіп келеді, ал автобус маршруттары сол баяғы күйінде өзгеріссіз қалып отыр. Соңғы рет автобус маршрутының өзгерісі 2014 жылы бекітілген екен. Қала әкімдігі салалық басқармалармен бірлесіп жедел тәртіпте автобус маршруттары желісін қайта қарап, қоғамдық көліктегі билет сатуды автоматтандыруды шешуі тиіс», – деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде «Көкшетау автобус паркі» серіктестігі отандық өндірушілерден жергілікті климат жағдайына бейімделген жылыту жүйесі, бейнебақылау, жолаушыларды санау, ақы алу жұмыстары автоматтандырылған және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жағдайлары қарастырылған автобустар сатып алған еді.
Аппарат кеңесінде сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жергілікті жерлерде жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, индустрияландыру жобаларын жүзеге асыру, еңбекпен қамту бағатындағы атқарылған жұмыстар мен басқа да ағымдағы мәселелер талқыланды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар