Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«KazBeef Group» компаниясының жаңа кешені 12 адамға жұмыс берді. Олар жылына 6 мың тонна ет өңдейді - АРҚА АЖАРЫ

«KazBeef Group» компаниясының жаңа кешені 12 адамға жұмыс берді. Олар жылына 6 мың тонна ет өңдейді

Бурабай ауданының Щучинск қаласында «KazBeef Group» компаниясының жылдық қуаты 6 мың тоннаға дейін ет өңдейтін кешені ашылды.

Кәсіпорын өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі нарықтағы сұранысты да қанағаттандыруға септігін тигізбек. Толық өндіріс циклімен жұмыс жасайтын кешенде американдық технология бойынша сиыр еті өндірілетін болады. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов, «Kusto Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, «KazBeef Group» компаниясының бас директоры Бейбіт Ерубаев, «Metro Cash&Carry» және «Kazakh Invest» компанияларының өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Қазақстанда мал шаруашылығы дәстүрлі әрі табысы жоғары сала болып саналады. Ал, бүгінгі күні бұл саланы ел экономикасы үшін ауқымы мен маңыздылығы жағынан алғанда мұнай өндірісімен салыстыруға болады. Бұған барлық мүмкіндік бар. Бұл Қазақстанның әлеуеті жоғары және әлемдегі ет өндіретін көшбасшы елдермен иық теңестіре ала алатынын көрсетеді, – дейді «Kusto Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев.
Аталмыш кешеннің ашылуы компания тарихындағы айтулы оқиға болып отыр. «KazBeef Group» бас директоры Бейбіт Ерубаевтың айтуынша, кәсіпорынды жаңғырту үшін бір миллиардтан астам қаржы құйылған. Желдеткіш, тәулік бойы температураны бақылау, сақтау жүйесінде ең соңғы технология қолданылады. «FSSC 22000» халықаралық азық-түлік қаупсіздігі менеджментіне сәйкес өндірілетін ет 35 градус суықтықта сақталады. Кәсіпорында барлығы 12 адам еңбек етеді. Кешенді іске қосу ет экспортын арттырып қана қоймайды, ішкі нарықтағы сұранысты да қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
– Қазір Қазақстандағы ішкі нарықтың 70 пайызы қосалқы шаруашылықтардан базарға сатылатын еттің үлесінде. Біз қазіргі заманғы озық технологиямен жабдықталған ет өңдеу кешенін іске қосу арқылы сапасы жоғары өнімді жақсы бағада сата отырып, жағдайды өзгерткіміз келеді. Басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігі. Тұтынушы табиғи жем-шөппен азықтанып, бордақыланған малдың етін жеп отырғандығын білуі қажет, – дейді Бейбіт Ерубаев.
Шара барысында қонақтар кәсіпорынның мал сою, маркалау цехы, қатыру және сақтау қоймаларында болып жұмыс процесімен танысты.
Айталық, «KazBeef Group» компаниясы 2010 жылдан бері Ангус және Герофорд асыл тұқымды малын өсірумен айналысып келеді. «KazBeef Group» компаниясының Ақмола облысы аумағында 120 мың гектар жайылым жері бар. Онда асыл тұқымды ангус және герефорд тұқымды 5000-нан аса мал бағылады. Бұл мал Зеренді ауданындағы «Пухальское» және Еңбекшілдер ауданындағы «Мамай» серіктестіктерінде ұсталуда.
Компания еліміздегі мәрмәр сиыр етін өндіретін №1 кәсіпорын. Биылғы жылдың шілде айының соңында жаңа мал бордақылау алаңын іске қосу жоспарланған. Бұл бір уақытта жемделетін ірі қара санын 15000-ға дейін жеткізуге және ішкі нарықты жыл сайын отандық өндірісте өндірілген 6 мың тоннадан астам етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар