Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Соттың салауатты өмір салты - АРҚА АЖАРЫ

Соттың салауатты өмір салты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен облыстық сотта «Әділет» футбол және волейбол спорт алаңы мен фронт-офистің ашылу салтанаты болып өтті.

Онда өңір басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, судьялардың өз күштерімен жүзеге асырып жатқан ізгілікті істеріне ризашылығын білдіріп, алғашқы команданың ойынын бастап берді.
Салтанатты шарада одан әрі сөз алған Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров:
– Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына ену жолында біздің ұлтымыз бен азаматтарымыздың дені сау болуы қажет екені баса айтылған болатын. «Шынықсаң – шымыр боларсың» дегендей, Қазақстан Респуб-
ликасы Соттар қауымдастығы осыдан 17 жыл бұрын өздерінің арасында спартакиада ұйымдастырып, оны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Оған қоса, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов бұқаралық спортты дамыту орайында судьялар арасында үндеу тастаған болатын. Осыны жүзеге асыру мақсатында бұл алаң негізінен, судьялар қауымдастығының өз
күшімен пайдалануға беріліп отыр, – деді.
Одан әрі соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек жаңадан ашылған фронт-офистің алдағы жұмысымен де таныстырып өтті. Бұл қызмет көрсету орталығы ақпарат орталығы, адвокаттар мен прокурор және медиация кабинеттері, азаматтарға қызмет көрсету орнынан тұрады. Мұнда QR-код және күту залындағы интернет байланысы жақсы жолға қойылған.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар