Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңіске жеткенімізбен, ойын көңілден шықпады - АРҚА АЖАРЫ

Жеңіске жеткенімізбен, ойын көңілден шықпады

Премьер-Лигада ойнайтын Көкшетаудың «Оқжетпесі» өткен 18-ші турда өз алаңында «Таразды» қабылдады. Бірден айтайық, бұл матчта 3:1 есебімен жерлестеріміз жеңіске жеткенімен, «Оқжетпес» футболшыларының ойынына жанкүйерлер көңілі тола қоймады.

Неге дейсіз ғой? Алаңда ойын өрнегі, шеберліктері жағынан «Тараз» командасы мығым көрінді. Біздің футболшылар күрт ысып кеткен ауа райының әсерінен бе, әйтеуір, жанкүйерлер күткен биіктен көріне алмай, көбіне стадионға жиналған біраз адамның жүйкелерін жұқартумен болды. Бір-біріне пасты дұрыс бере алмау, алаңда басы артық қозғалмай, состиып тұрып қалу, доп үшін таласу барысында қарсыластарына есе жіберу, ойын тәртібін бұзу сияқты жайлар көп орын алды.
Әдетте ойыны мұндай реніш туғыза қоймаған оқжетпестіктерге бұл жолы не болғанын түсіне алмадық. Матч соңында берген сұхбатында бас бапкер Андрей Карпович «команданың ішіндегі үлкен проблемаларға қарамастан үш ұпай олжаладық»,–дегенді айтып қалды. Бұдан туған бір ой, әлде клубтағы моральдық-психологиялық ахуал ойлағандай емес пе.
Бірінші айналымда осы «Таразды» сырт алаңда 2:6 есебімен ұтып, ірі есепке қол жеткізгеніміз белгілі. Сол өкініштері кетпеген қонақтардың алаңға тас-түйін болып шыққандары бірден көрініп тұрды. Ойынның бірінші кезеңі солардың басымдығымен өтті десе болады. Алайда, екі жақтың ойыншылары қит етсе бірін-бірі аяқтан шалып құлатып, ойын тәртібінің жие бұзыла беруі жанкүйерлерді әбден ығыр еткенін де айтпай болмайды. Бұл матчқа Нұр-Сұлтаннан Арман Исмұратов төрелік етті. Ол тым жас көрінді. Содан ба, кей сәттерде ойынға ие болудың өзі оған оңай соқпады. Әйтеуір, сары қағаздармен алаң үстіндегі өрекпіген сәттерді аздап тежеп отырды.
Дегенмен, ойынның 41-ші минутында тараздық Йовановичті не үшін алаңнан қуғанын жанкүйерлердің өздері де түсінбей қалды. Сірә, «Оқжетпестің» ойыншысын қолмен қойып қалған сияқты. Әлде, төрешіге тіл тигізді ме. Мұны да, сондай-ақ, екінші таймның 49 минутында өз қақпаларына тағайындалған 11 метрлік айып добын да «Тараз» клубының ойыншылары мен бапкерлері төрешінің қателігі деп бұл күнгі ойынға төрелік ету жағына қатты қынжылып аттанды.
Ал, матчтағы есеп жақсы ойнаған «Тараздың» белді ойыншысы Ньюадзидің күш-жігерімен бірінші таймның 35-ші минутында ашылды. Біздің қақпашы Әбжанов допты қолынан шығарып алған, ал, үш бірдей қорғаушымыз түк әрекет жасай алмаған сәтті жылдам да әбжіл тараздық шабуылшы ұтымды пайдаланды. Бірінші тайм осымен аяқталып, бар үмітті екінші кезеңге арттық. Алғашқы 45 минуттан есімізде осы ойында барын салған Данилоның баспен соғып, қақпаның мандайшасына тиген әдемі соққысы қалды. Осы Данило, Стоянович пен Зорич – үш лигионер де матч бойы жақсы ойнап, команданың кем-кетігін толтырды да отырды. Әсіресе, Данилоның шеберлігінің өте жоғарылығы, алаңда тыным таппайтыны 49-шы минутта қарсыластарының айып алаңында біз айтқан пенальтиге алып келді. Оны Стоянович дәл орындап, жанкүйерлер де көңілін бір демдеді-ау. Одан әрі бірінші таймға қарағанда, екінші таймда тәуір ойнап, басымдықты өз қолдарына алған оқжетпестіктер екі гол соқты. Бұл жолы Данило мен Жұмақанов көзге түсті. Ойын аяғына қарай «Тараз» біраз шабуылдағанымен «Оқжетпестің» төртінші голын соғуына да мүмкіндік болды. Бірақ, шабан қимылдап, алға баспады.
Осындай сәттердің бірінде офсайтта қалған Молдақараев төрешінің ысқырығына қарамастан, допты бар пәрменімен ілгері қатты теппесі бар ма. Алдында бір сары қағаз алған ойыншыны төреші қызыл қағаз көрсетіп, дереу алаңнан қуды. Команданың жағдайын ойламай жөнсіз қызбалыққа салынған шабуылшының бұл кесірлігіне реніш танытпаған адам жоқ шығар. Енді ол келесі ойында алаңға шықпайды. Осылай аяқталған ойын, жанкүйерлер аса риза болмаса да, «Оқжетпеске» үш ұпай әкелді. Мұның алдында өз алаңымызда Атырауды 3:0 есебімен тізе бүктіріп, сырт алаңда Павлодардың «Ертісіне» 2:1 есебімен есе жібергеніміз белгілі. Турнир кестесінің соңындағы өзге командалар өкшелеп қалып еді, мына жеңіс ұпай санын 21-ге жеткізді. Енді Қарағандыда 20 шілде күні «Шахтердан» басым түсеріміз екіталай. Әйтсе де 27-сі күні «Ақтөбеге» қарсы Көкшетауда болатын ойында қайтсек те жеңуіміз керек. Сонда «Оқжетпес» биыл Премьер-Лигада қалады»,– деп айта бастауға болады.
Қ.КӘКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар