Ақмола облысының ветеринария басқармасы Целиноград ауданының Софиевка ауылында және Шортанды ауданында ірі қара мал ауруының пайда болуы туралы мессенджерде (WhatsApp) орналастырылған видео шындыққа сәйкес келмейтіндігі туралы хабарлайды. Жануарлардың жұқпалы аурулармен ауру фактілері анықталған жоқ. Жануарлардың жағдайына бақылау бойынша жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.
Мессенджерлерде орналастырылған видеолардың шығу тегі белгісіз және ол жалған мәлімет болып табылады.
Ветеринария басқармасының мамандарымен ақпаратты жіберушілерге түсініктемелер мен түсіндірмелер берілді, мәселе жергілікті полиция қызметімен пысықталды.
Облыс аумағында эпизоотиялық тұрғыдан жағдай тұрақты қолайлы болып табылады және үздіксіз бақылауға алынған.
Ветеринария мәселелері бойынша түсініктемелерді Ақмола облысының ветеринария басқармасынан алуға болады. Сенім телефоны 8 (716-2) 72-29-05.