Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот жүйесіндегі электронды қызмет өрісі кеңейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Сот жүйесіндегі электронды қызмет өрісі кеңейіп келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Ел Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта атқаратын он негізгі бағытты атап өткен болатын.

Осы ретте, «Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан, судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу» дей келе, сол 10 бағыттың үшінші бағытында сот жүйесін дамытуға қатысты басты міндеттерді белгілеген еді. Осы әділдікті сақтаудың соңғы шегі болып саналатын сот жүйесін дамыту, сотқа деген халықтың сенімін арттыруда электронды қызметке көшудің де рөлі зор. Өйткені, электронды қызмет оның жеделдігін арттырып, жемқорлыққа жол бермейді және қызметті ашық, қолжетімді ете түседі.
Өзім қызмет ететін Бұланды аудандық сотында заман талабына сай электрондық нұсқада қызмет көрсету дұрыс жолға қойылған. «Сот кабинеті» сервисі сот жұмысын жеңілдетіп, оның ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге үлкен әсерін тигізіп отыр. Сервистің ерекшелігі сол – тұрғындар өздеріне ыңғайлы кез-келген уақытта үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сотқа талап арыздар, өтініштер мен апелляциялық шағымдарды жолдай алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Сот кабинеті» модулі арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электрондық формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған.
Сот органдарымен электронды хат алмасу жеке және заңды тұлғалармен қатар, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелерге де қолжетімді. Бұл үшін электронды сандық қолтаңба болса жеткілікті. Аталмыш сервис хат алмасуға өте тиімді тәсіл болып табылады. Сонымен бірге, барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға әкімшілік құқық бұзушылық істер материалдарын электронды форматта сотқа жолдау мүмкіндігі де қарастырылған. Бұдан басқа «Сот кабинеті» сервисінде сотқа талап арыздар беруге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, істің мәртебесін қарауға және басқа көптеген іс-әрекеттерге мүмкіншіліктер берілген.
Сот мәжіліс залдары түгел бейне-дыбыстық құрылғылармен жарақталған. Сотты материалдық-техникалық жабдықтау мәселесі де оң шешімін тауып отыр. Мұның өзі сот жұмысын жақсартып, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға игі ықпалын тигізетіні анық.
Людмила ЦИБУЛЬСКАЯ,
Бұланды аудандық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар