Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді мекендерді дамыту – аса маңызды міндет - АРҚА АЖАРЫ

Елді мекендерді дамыту – аса маңызды міндет

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен аптада облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Атбасар, Астархан және Целиноград аудандарында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік, құрылыс нысандарының жұмысымен танысты және қысқы жылу беру мауысымына дайындықтарын тексерді.

Облыс басшысы алдымен аудандағы ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші, Покровка ауылында орналасқан «Әріп-Агро» серіктестігінде болды. Шаруашылық ауданда «ақылды» ауыл салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа серіктестік басшысы Уәлихан Әріпов айтып берді.
«Мен ұлым Ғалымжанға айттым: «Иван Сауэр осыдан 50 жыл бұрын республика бо-йынша үлгілі атанған ауылдың құрылысын бастаған екен. Сен қазір «орда бұзар» отыздасың. Бұл шаруа сенің қолыңнан келеді. Бұл агроқалашық болуы керек. Бірінші кезекте, біз өз жұмысшыларымыз үшін 50 жеке тұрғын үй саламыз», – деп облыс әкімімен өзінің алдағы жоспарымен бөлісті Уәлихан Әріпов.
Инвестор ауылды цифрландыру жұмыстарын жергілікті мектептен бастады. Білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, робототехника, ІТ сыныптары жабдықталды. Бүгінгі таңда аталмыш білім ордасы еуропалық стандартқа сай жабдықталған аудандағы ең үздік мектептер қатарында.
Сонымен қатар, кәсіпкер ауыл аумағында құны 1,5 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Яғни, 2020 жылы экологиялық таза сұлы қауызын өндіретін зауыт іске қосылады. Шикізат «Әріп-Агро» серіктестігінің өз егістік алқаптарынан алынады. Жабдықтарды дақылдарды терең өңдейтін Швейцарияның Bühler компаниясы орнатып береді.
Облыс басшысы ауылды цифрландыру бастамасын қолдайтындығын, сондай-ақ, жоба жүзеге асырылған кезде еңбек өнімділігі артып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы арттатынын атап өтті.
Ауылда ауыз су мәселесі көп жылдан бері түйткілді болып келеді. Меценат Әріпов бұл мәселені де шешуді қолға алыпты. Шаруашылықтың өз қаржысы есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Өткен жылы су құбыры желісінің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлініпті. Мердігерлер ағымдағы жылдың қыркүйек айында ауыл тұрғындары таза ауыз суына қолжеткізеді деп отыр.
Бұдан кейін, облыс әкімі Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынған көппәтерлі 12 тұрғын үйдің құрылысы, автомобиль жолдарын қалпына келтіру және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған 45 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына назар аударды. Осы орайда, аудан әкімі Аманбек Қалжановқа құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, мердігерлердің жұмысты сапалы әрі кестеге сай жүргізуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, облыс әкімі машина құрылысы саласындағы ірі кәсіпорын «Қамқор-Локомотив» серіктестігі мен жылу қазандығында болып, қазандықтың қысқы маусымға дайындығына назар аударды. Сонымен бірге, аулалық спорт кешенінде дайындық жасап жатқан жергі-лікті футболшылардың жаттығуын көрді.
Бұдан әрі облыс басшысының сапары Астрахан ауданында жалғасты. «СХП Колутон» – 04» серіктестігінің егістік алқабын аралап көрді. Аудан бойынша барлығы 337 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар себілген болса, оның 16 мың гектары осы шаруашылыққа тиесілі. Диқандар соңғы күндердегі күннің аптап ыстығы егіннің шығуына біраз кедергі келтіріп отырғандығын атап өтті. Алдағы күндері жауын-шашын болмаса, егін шығымы аз болатын түрі бар.
Жалтыр ауылында облыс әкімі «Гросс Нан» серіктестігінің астық және майлы дақылдарды қабылдау, сақтау және жөнелту қосынының жұмысына көңіл бөлді. Кәсіпорын 30 мың тонна астық қабылдайды. Сағатына 200 тонна бидай кептіретін кешені бар. Кәсіпорында қоймалардың сыймдылығын кеңейту жұмыстары жүргізіліпті. Осының арқасында элевтор биылғы күзде тәулігіне 1200 тоннаға дейін астық қабылдауды жоспарлап отыр. Кәсіпорын басшысы Мағауия Қанапин облыс әкімімен кездесуінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында тауар өндірушілерге бөлінетін қаржылай қолдауға қатысты өзінің ұсыныс тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, сапар барысында Ермек Маржықпаев Жалтыр дәрігерлік амбулаториясы және Ескі Колутон ауылдық округінде болды. Бұл екі нысанға да облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Мен мұнда облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың қалай, қайда жұмсалатынын білуге арнайы келдім. Ең бас-
тысы жұмыс сапалы әрі ширақ жүргізілу керек», – деп атап өтті жөндеу жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Е.Маржықпаев.
Сапар соңында облыс әкімі Астрахан селосындағы аудандық №1 жылу қазандығының алдағы маусымға дайындығы мен көшелерді жөндеу жұмыстарына назар аударды. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
Облыс басшысы Целиноград ауданындағы әлеуметтік желілерде көтеріліп жүрген түйткілді мәселелер туындаған бірқатар орындарда болып, істің жай-күйімен танысты. Биылғы жылдың көктемінде су көтерілген тұста Родина селосына кіре берістегі автокөлік жолы бұзылған еді. Есіл өзенінің суы Ақмешіт пен Родина селоларының аралығындағы алаңға жиналып, осы елді мекендерді су басу қаупі төнді. Қолданыстағы су құбырлары жиналған суды өзен арнасымен ағызуға қуаты жетпеді. Міне, осындай қатердің алдын алу мақсатында өзен суын еркін өткізетін көпір құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжатты жасау жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.
– Бұл стратегиялық маңызды жоба, сондықтан оны сараптамаға жіберуді жеделдету қажет. Көпір құрылысын салуға қажетті қаржыны қарастыратын боламыз, – деді облыс басшысы.
Қараменді батыр ауылындағы негізгі мектептің іргетасы 1965 жылы қаланған. Бұл ғимаратта бұрын бала бақша болған екен. Мектеп 70 орындық деп саналғанмен, іс жүзінде онда 146 бала оқып, білім алуда. Балалар үш ауысымда оқиды. Ауыл тұрғындары санының жедел өсуін ескере отырып, жаңа мектеп құрылысын салу жөніндегі жобалық-сметалық құжат да-
йындалыпты. «Балалар үш ауысымда оқитын болса, білім сапасы туралы айтудың өзі қиын. Жаңа мектеп құрылысын салуға байланысты конкурсты жеделдетіп жариялаңдар», – деп тапсырды облыс басшысы аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеевке.
Арайлы селосында 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Мектеп биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. «Қазіргі жағдайға қарап, құрылысшылар мектепті белгіленген уақытта пайдалдануға береді деп айту қиын. Әрбір күнді тиімді пайдалану қажет. Қазір құрылыста небары 25 адам ғана жұмыс істеп жатыр және олардың бәрі шатырды жабумен айналысуда. Құрылысшылар санын көбейтіңіздер және бір мезгілде құрылыстың әртүрлі жұмыстары атқарылсын», – деді облыс әкімі және жұмысты өз бақылауында ұстайтынын айтты.
Қосшы селосында 1200 орындық мектеп салынуда. «Бұл құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей өз бақылауында екенін ұмытпайық. Биылғы жылы 800 миллион теңге бөлініп отыр. Қаржының толық көлемде игерілуін қаматмасыз етіп, құрылыс сапасына назар аударылуы керек», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Облыс басшысы, сондай-ақ, «Чистые пруды» саяжай алқабын сумен қамтамасыз ету мен кент іші жолдарының жайына да назар аударды. Қосшы кентінде ұзақтығы 14,4 шақырым болатын 11 көше жолдарына орта деңгейлі жөндеу жүргізілген. Осы мақсат үшін бюджеттен 403 миллион теңге қаржы бөлінген. Талапкер ауылында 800 метр болатын көше жолдары жөндеуден өткізілді. Ынтымақ селосында ұзақтығы 8,3 шақырым, құны 604,2 миллион теңге болатын көше жолын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаты жасалған.
Сонымен бірге, өңір басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Green Star» агрофирмасы» серіктестігінде болып, атқарылып жатқан жоғары технологияны игеру жұмыстарын көрді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар