Бурабай курортты аймағындағы «Konfor Hotel Burabay» қонақ үйінде «Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар таратушылар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Журналистердің құқықтары мен міндеттері» тақырыпта семинар өтті.
Шараның басты мақсаты мемлекеттік органдар басшыларының, редакторлардың, журналистердің құқықтық білімін арттыру болып табылады. Семинарға арнайы қатысқан медиа-заңгер, «Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар таратушылар ассоциация-сы» қоғамдық бірлестігі жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау орталығының жетекшісі Сергей Власенко облысымыздың қалалары мен аудандарынан жиналған БАҚ өкілдеріне журналистің құқықтары мен міндеттері жайлы
айтып берді.
Ғаламтордағы ақпаратты қалай пайдалану керектігі, фактчекинг, мәліметтердің қолжетімділігі секілді журналистердің қызметіне қатысты маңызды әрі қызықты тақырыптар бір күндік семинарда кеңінен сөз болды. Шара соңында ұйымдастырушылар әр қатысушыға сертификат табыс етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.