Медициналық көмектің қолжетімділігін, уақтылы болуын, сапасы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау секторы елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру тұрғысындағы басымдықтардың бірі болып табылады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесін Қазақстан Республикасының Президенті үнемі назарында ұстайды. Мемлекет басшысының «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты тұғырнамалық бағдарламасында атап көрсетілгендей, медициналық қызметтер барлық азаматтарға олардың тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді болуы тиіс. Тағы бір маңызды міндет – «қадамдық қолжетімділік» шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін кеңейту. Мен өзім көп жылғы тәжірибелі дәрігер ретінде тұрғындардың денсаулығына көңіл аудару қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін.
Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының базасында Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың қатысуымен жаңа компьютерлік томография бөлмесі ашылды. Осындай қымбат жобаны іске асыру мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мүмкін болды.
Ағымдағы жылдың бірінші маусымынан бастап барлық медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді. Мұндай жағымды сәттер болашаққа деген сенімді арттырары сөзсіз.
Банұржан ЖАНҒАЛОВ,
Көкшетау қалалық көпбейінді
ауруханасының бас дәрігері,
медицина ғылымдарының кандидаты.