Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнетақы жарнасының жаңа тәртібі - АРҚА АЖАРЫ

Зейнетақы жарнасының жаңа тәртібі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен қызметкердің пайдасына 5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. «Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақы мәселелері бо-йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған болатын.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізудегі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, жұмысшылардың еңбек өтіліне сәйкес келетін лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Осылайша қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылып отырады. Оның 10 пайызы – қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы – жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары. Бұл жаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар негізінде жұмыс және қызмет көрсететін адамдарға, зейнеткерлік жастағы жеке тұлғаларға, әскери қызметшілер мен күштік құрылымдардың қызметкерлеріне, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға, өмір бойы ай сайынғы төлеммен қамтылатын отставкадағы судьяларға қолданылмайды. Жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат БЖЗҚ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді. «Еңбек шарттары мен жалақы мөлшері еңбек шартында қарастырылғандықтан, жұмысшылардың жалақысын төмендетуге себеп болмауы керек екендігіне назар аударамыз.
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартына кез келген өзгертулер тек қызметкер мен жұмыс берушінің өзара келісімі бойынша ғана енгізілуі мүмкін. Еңбек құқығы бұзылған жағдайда, қызметкер жұмыс орнындағы еңбек инспекциясына немесе Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 74-34-91, 74-35-72 нөмірі арқылы хабарласуға құқылы», – делінген министрлік хабарламасында. Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу жөніндегі нормаларды іске асыру үшін оны есептеу және аудару жөніндегі, сондай-ақ, оның есебінен төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі тетіктерді көздейтіндіктен тиісті Ережелер әзірленді.
Ереже жобалары Министрліктің сайтында орналастырылған. Мысал үшін еңбек өтілі 33 жыл еңбекақысы 172 мың теңге (бүгінгі күні орташа жалақы) қызметкерді алайық. 33 жыл ішінде инвестициялық табысты есепке ала отырып, қызметкердің жалақысынан 10 пайыздық зейнетақы жинақтары шамамен 12,7 миллион теңгені құрайды. Бұл орайда, жалақының өсуі ескерілмейді. Еңбек демалысына шыққан кезде қызметкердің зейнетақысы 140 мың теңгені құрайды, оның ішінде жинақтау – 110 мың теңге, базалық – 30 мың теңге. Алайда, мұндай жағдайда жұмыс берушінің жарнасын енгізу есебінен қызметкердің зейнетақысы 50 мың теңгеге ұлғайып, 190 мың теңгеге жетеді.
Айта кетейік, Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер болса, Ақмола облысында 110 мыңнан астам зейнеткер бар. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 85 697 теңгені құрап отыр, оның ішінде базалық зейнетақы – 26 978 теңге, ортақ зейнетақы – 58 719 теңге.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар