Бүгін облысымыз бойынша республикалық #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтіп, өзен және көлдердің маңы күл-қоқыстан тазартылды.
Көкшетау қаласында Қопа көлі жағасындағы тікұшақ алаңынан басталған акцияға аймақ басшысының орынбасары Қанат Ыдырысов бастаған көшетаулықтар қатысты. Қала бойынша акцияға 10 мыңнан астам адам қатысып, Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауы, Бұқпа тауының аумағы, Кенесары мен Сағдиев
көшелерінің аралығындағы жағажай аумағы, Абылай даңғылы өтетін Қылшақты өзенінің жағасы, Қылшақты өзені арқылы өтетін Сүлейменов және Әшімов көшелерінің бойындағы көпірлердің аумағы, Қопа көлін айналып Краснояр бағытындағы саяжайлар баратын жолдың шеті қоқыстан тазартылды.
Осы күні челленджге Ақмола облысының барлық елді мекендері қолдау көрсетті. Жалпы, облыс бойынша акцияға барлығы 44 мың адам қатысып, қолдау білдірген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.