Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
4 тамыз – көлік қызметкерлері күні - АРҚА АЖАРЫ

4 тамыз – көлік қызметкерлері күні

Жыл соңына дейін Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдайды. Еліміздің Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Солтүстік және Орталық-Батыс дәліздері аясындағы бірыңғай көліктік жүйесін құру аяқталады. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық маңыздағы 7000 километр автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 11000 километрі жөнделеді. Жергілікті маңыздағы 30 мың километр жолда салалық жұмыстардың барлық түрі атқарылады. Осының нәтижесінде, республикалық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 100 пайызға, жергілікті жолдар 95 пайызға жеткізіледі.
***
Ақмола облысында соңғы 10 жылда 900 километрден астам автомобиль жолы қайта құрылды. Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан-Петропавловск», «Нұр Сұлтан-Қарағанды» бағытындағы жолдарда көлік ағыны тәулігіне 10 мың автомобильді құраса, «Нұр-Сұлтан-Атбасар» және «Нұр-Сұлтан-Ерейментау» бағытындағы көрсеткіш 5-7 мыңнан асты. Көлік дәліздері жақсарып, қауіпсіз бола түсті және екі деңгейлі жол айырықтары мен көпжолақты автобандар әлемдік стандарттарға сай келеді. Өңір жолдарында «KazWay» үлгісіндегі 8 сервистік нысан жұмыс істеуде.
***
2018 жылы 126 миллион тонна жүк пен 1 миллиард 650 миллион жолаушының тасымалдануын облыстағы автомобиль жолдары сапасының жақсаруымен байланыстыруға болады. Қарқын биыл да жоғары. Өткен жартыжылдықта былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда жүк тасымалының көлемі 3 пайызға (54 млн.т.), жолаушылар ағыны 4 пайызға (845 миллион) өсті.
«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы және магистралдық желі» АҚ Ақмола филиалы Солтүстік Қазақстанның ірі үш өңірін көліктік қызметпен қамтиды. Мұнда күн сайын 13 мыңнан астам жауапты жұмыстарды атқарады.Инфрақұрылымның жетілдірілуі олардың қауіпсіз жұмысы мен экономикалық көрсеткіштердің еселенуіне жол ашып отыр. «Қарағанды-Томск» және «Нұр- Сұлтан-Достық» жаңа бағыттары ашылып, «Тұлпар Тальго» заманауи жолау-
шылар вагондары іске қосылды.
Темір жол саласында құжаттарды рәсімдеудің мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін есептеудің электрондық жүйесі енізілуі жүк тасымалының көлемін арттыруда. Филиал ұжымы 2018 жылы 7 миллион 749 мың тонна жүк тасымалдап, көрсеткішті 28 пайызға көтерді. 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта 3 миллион 679 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл ретте 16 миллиард 700 миллион тонна-километрге жуық жүк айналымы жасалып, көрсеткіш 8,4 пайызға артты.
***
Авиациялық тасымал ауқымы да өсу үстінде. Биылғы мамыр айында «Көкшетау-Москва» халықаралық авиарейсі қайтадан жұмыс істей бастады. Жолаушылар ағымының артуына байланысты Алматы және Ақтау бағытындағы 50 адамдық «CRJ 200» әуе кемесі 120 орындық «Боинг» лайнерлеріне алмастырылды.
***
Халықаралық стандарттардағы Көкшетау әуежайынан 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5026 жолаушы тасымалданды. Бұл былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 41 пайызға артық.
Алдағы уақытта Ақтөбе, Шымкент, Атырау қалалары мен Ресей Федерациясының Омбы және Томск қалаларына әуе қатынастарын ашу мәселелері қарастырылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар