Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Малдың жұқпалы індеттерінің алдын алудамыз - АРҚА АЖАРЫ

Малдың жұқпалы індеттерінің алдын алудамыз

Ветеринарлық қауіпсіздіктің маңызы зор. Мақсатқа бағытталған жұмысты өткізу нәтижесінде қазір облыс аумағындағы эпизоотикалық жағдай жақсы. Бұл мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға және облыс аумағында өндірілетін өнім мен шикізатты еркін шығаруға мүмкіндік береді.

Биыл ветеринарлық қауіпсіздікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 51 мың теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы бөлінген қаржыдан 921,1 миллион теңгеге артық. 2019 жылдың бюджетін нақтылау бойынша облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысында жылқы ауруының алдын алуға 60,1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу мәселесі қаралып, мақұлданды. Бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы мал ауруының алдын алу бо-йынша 5 айдағы ветеринарлық шаралар орындалды. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы толық игерілді. Облыстың ветеринарлық қызметі биылғы бірінші жартыжылдықта малды вакцинациялау шарасын 100 пайыз орындады. Ірі қара мен ұсақ малдың бруцеллезіне диагностикалық зерттеу жоспары артығымен орындалды. Қазір облыста сауықтыру шаралары жүргізілуде. Мәселен, Атбасар ауданында орналасқан «Бастау» серіктестігінде 16 мың 184 бас ірі қара зерттеліп, 196 басы бруцеллезге оң екені анықталды. Жыл басынан бері облыста бруцеллезге қарсы және өзге де өте қауіпті ауруларға 311,5 мың бас ірі қара, 412,6 мың қой-ешкі зерттеліп, 783 бас ірі қара мен 230 қой-ешкінің бруцеллезбен ауыратыны анықталды.
Туберкулез ауруына 394 мың бас ірі қара зерттеліп, 19 басы бөлініп алынды. Ауруға бейімді малдардың бәрі сойылып, өңдеуге жіберілді. Көптеген нысандарға дезинфекция жүргізілді.
Өткен жылы Ресейдің Қорған облысында нодулярлық дерматиттің көздері тіркеліп, Қазақстанның шекаралас аумақтарына дейін таралғаны белгілі. Бұл ауруды сары маса тәрізді қан сорғыш жәндіктер таратады. Құбылмалы ауа райы кезінде бұл аурудың таралуы ұлғайып, Ақмола облысының аумағына жетуі мүмкін. Өңірде алғашқы тәуекелділік аймағы анықталып, оған Есіл, Қалқұтан, Жабай өзендері және өзге де ірі су айдындары жағалауында көп ірі қара бағатын Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын аудандары енгізілді. Бұл аудандарда қан сорғыш жәндіктерге қарсы ірі қараларға дәрі себу, малдардың жүруін шектеу тәрізді алдын алу шаралары жүргізілуде. Ақмола облысына бұл ауруға қарсы 166,8 мың вакцинаның дозасы бөлінді. Ірі тауар өндірушілер препараттың 7,5 мың дозасын сатып алды. Вакцинация 14 ауданда жүргізіліп, 174,3 мың бас ірі қара егілді. 2019 жылы облыс бойынша 415,8 мың бас ірі қараны егу жоспарланған. Бүгінгі таңда 412 мың бас ірі қара егілді.
2019 жылы бруцеллез ауруына бейім малдарын союға тапсырғандарға шығынының орнын толтыру үшін облыстық бюджеттен 76,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылы 495 бас ірі қара және 30 ұсақ мал иелерінің 28,1 миллион теңге шығыны төленді. Негізгі міндеттердің бірі – мал басы есебін порталдық режимде ауыл шаруашылығы мал базасына енгізу. Облыс бо-йынша ірі қараны идентификациялаудың биылғы жылдық жоспары 80 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлері үшін түскен бирка санын және қолда бар құлақ биркасы қорын есепке алсақ, 2018 жылғы идентификациялауды қамтамасыз етуге және 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта идентификациялауды үзіліссіз жалғастыруға мүмкіндік берді. Облыстың аудандарында жылқыларға чип салу әдісі қолға алынды. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы басталды.
Ақмола облысының елді мекендерінде малдарды көметін 332 арнайы орын бар. Басқарма сібір жарасы мен малдарды көму орнын тәртіпке келтіру бойынша шаралар жоспарын жасап бекітті. Жоспарға сәйкес, малдарды көметін орынның құрылысына жер телімдерін бөлу, құжаттарын толтыру, сондай-ақ, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлу шараларын орындау мерзімі белгіленді. Бүгінгі таңда облыс бойынша өлген малдарды көметін 62 орынға жер телімінің құжаты толтырылды. Облыстың аудандарында аталмыш нысандардың құрылысына жер телімдерін заңдастыру жұмысы жалғасуда. Өлген малды көметін орынның жер телімінің құжатын толтыру, жобалық-сметалық құжаттамасын жасау, сондай-ақ, өлген малды көметін орынның құрылысы қаржы шығынын қажетсінеді. Осыған байланысты өңірдегі қала мен аудандардағы жергілікті атқарушы органдарының ветеринария бөлімшелері биылғы бюджет комиссиясының қарауына аталмыш нысандар бойынша қажетті қаржы көлеміне өтінім ұсынды. Бүгінгі таңда Біржан сал ауданы жобалық- сметалық құжаттаманы жасауға 9 миллион 150 мың теңге бөлді. Облыс аумағында сібір жарасы бекеті бойынша 221 стационарлық жағдайы көңіл көншітпейтін орын тіркелді. Бұл бекеттерде 250 ауру көзі бар. Оның 65-белгіленген, 185-белгіленбеген сібір жарасымен ауырған малдар көмілген орын. Барлық белгіленген 65 сібір жарасы көмілген орын қоршалған, танымдық белгілері бар. Оның 56-сы жөніндегі мәлімет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілген. Бұл аурудың 9 көзі жекеменшік аумағында болғандықтан, аталмыш шараны өткізуге мүмкіндік болмай отыр. Жыл са-йын белгіленген және белгіленбеген мал көмілген орындарда топырақ инфекциясының жағдайына мониторингтік зерттеу жүргізіледі.
Адамдарды қаңғыбас иттер мен мысықтардың тістеуіне жол бермеу мақсатында оларды аулап, жоюға бөлінетін қаржы көлемі көбейді. Мәселен, биыл 35 миллион 800 мың теңге бөлінді. Қосымша тағы да қаржы қарастырылады. Биылғы жылдың 5 айында 11500 ит пен мысық жойылды. Құтырма ауруы бойынша эпизоотикалық жағдайдың жақсарғаны байқалады.
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мал дәрігерлері жергілікті полиция қызметімен бірге малдар мен мал шаруашылығын тасымалдау кезінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мал дәрігерлері жеке және заңды тұлғаларға 584 ескерту жасады. 70 әкімшілік іс қозғалып, 2,3 миллион теңгенің айыппұлы салынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Облыс аумағындағы эпизотикалық жағдайды сақтау мәселесі тұрақты бақылауда тұр.

Базарбай БҰЛАШЕВ,
Ақмола облыстық ветеринария басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар