Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Прокуратура кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді - АРҚА АЖАРЫ

Прокуратура кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне ресми кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде еліміздің дамуына қатысты 10 басым бағытты айқындаған еді. Президент белгілеген бағыттардың ішінде еліміздің экономикасын өркендету, жемқорлықпен күрес мәселелері бар.

Облыстық прокуратура өңіріміздің өндірісінде елеулі үлес алатын кәсіпкерлердің еркін дамуына жағдай жасау, шенеуніктер тарапынан кедергілерді болдырмау мақсатында іс-шаралар жос-парын жасап, мақсатты жұмыстарды қолға алып отыр. Осы жоспар шеңберінде облыс прокурорының орынбасары Қуаныш Әмірәлі бастаған прокуратура қызметкерлері облыстың алты ауданында болып, кәсіпкерлермен кездесулер өткізді.
Кездесулердің негізгі мақсаты – кәсіпкерлікке кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтау, әкімшілік кедергілерді жою. Кездесулер «Ашық диалог» форматында еркін пікір алысу түрінде өтті. Прокуратура қызметкерлері Жарқайың, Есіл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал аудандарында болды. Кездесуге 500-ден астам кәсіпкер қатысып, 120-дан астам сұрақтар қойды. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтар ауқымы кең. Оның ішінде жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, субсидиялар, тауарларды сертификаттау, салық мәселелері сияқты кәсіпкерлерді толғандырып отырған сауалдар бар. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдардың бәріне толыққанды жауаптар беріліп, жеке өтініштері бойынша көтерілген мәселелерге орай оны шешудің іс-шаралар жоспары жасалды және ол уәкілетті органдарға жолданды.
Кәсіпкерлер көтерген мәселелердің бәрін прокуратура өз бақылауына алады. Алдағы уақытта осындай кездесулер басқа өңірлерде де жалғасатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар