Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Терминалды жағдайдағы науқастардың өмірі үшін күрес - АРҚА АЖАРЫ

Терминалды жағдайдағы науқастардың өмірі үшін күрес

Терминалды жағдайлар өте қиын және өмірге қауіп төндіреді, дененің өмірлік функцияларын тежейді. 

Науқас адам немесе зардап шегуші терминалды жағдайда әдетте үш сатыдан өтеді. Олар: предогональдық жағдай, азап, клиникалық өлім. Бұл жерде үшінші, төртінші дәрежелі соққылардың ауыр кезеңдері де терминалдық күйге өте жақын екенін қосу керек. Ал, негізгі себептеріне келсек, жедел қан жоғалту, травматикалық және хирургиялық шок, улану, асфиксия, коллапс, жедел әрі ауыр интоксикация (сепсис, перитонит және басқалары), ишемиялық қан айналымының бұзылуы, электр жарақаты тағы басқалары.
Терминалды жағдайдағы науқастар тасымалданбайды. Сондықтан, терминалды күйдің кез-келген сатысы мен белгісі болған жағдайда «жедел жәрдем» шақырып, науқасқа шұғыл түрде реанимациялық шараларды жүргізу керек. Яғни, ішкіартериялық қан құю, жүрек дефибрилляциясын жасау керек.
Дәрігер келгенге дейін науқасты ауыздан жасанды тыныс алдырып, оттегі ингаляциясын жасап, жанама жүрек массажы мен жүрекке арналған дәрі-дәрмектерден кофеин және басқалары, лобелия енгізіледі. Сонымен қатар, терминалды жағдайға түскенде негізгі себеппен күресу шаралары қолданылады. Алдымен, қан кету кезінде оны уақытша тоқтату, жарақат немесе басқа соққы жағдайында, шокқа қарсы шаралар, көмейдің стенозы, асфикциямен күресу және басқалар жасалады.
Бұл ақпарат үлгілі мақсаттарға арналған және емдеу жөніндегі нұсқаулық емес. Сондықтан, сіздің өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіз симптомдарыңыз бен тексерістен өткізілген анализдеріңізге байланысты арнайы емдеу тағайындауы керек. Өздігінен емделуге болмайды.

Күлзайра АЙМУРЗИНОВА,
Ақмола облысы бойынша еңбек,
әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаментінің
№5 медициналық-әлеуметтік
сараптама бөлімінің сарапшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар