Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғайды - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғайды

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. 2015 жылдың 20 ақпанында «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық талаптарды анықтайтын негізгі заң 2005 жылдың сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы болып табылады.
Мүгедектерге арналған әлеуметтік қорғау техникалық көмекші құралдарды ұсыну арқылы, яғни қозғалыс құралдарын, протезді-ортопедиялық бұйымдарды, гигиеналық жабдықтарды беру, санаторлық-курорттық емделуге жіберу, сондай-ақ
жеке көмекші мен ыммен сөйлейтін маманның қызметі арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, оңалту шараларына мыналар кіреді: санаторлық-курорттық емдеу; зағип жандарға немесе көзі нашар көретіндерге тифлотехникалық құралдарды ұсыну; мүлде естімейтін немесе есту қабілетінен уақытша айырылған жандарға ұялы телефон, көпфункционалды дабыл жүйесі, сағат, есту аппараттары секілді сурдотехникалық құралдар беріледі. Ал, осындай дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар сөйлеу процессорымен қамтамасыз етіледі. Гигиеналық жабдықтарға мұқтаж, жүріп-тұруы қиын мүгедектерге де мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік көмектер көрсетіледі.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарыңыз болса, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне келулеріңізге болады. Ол үшін өзіңізбен бірге өтініш, оңалтудың жеке бағдарламасы, мүгедектік жөніндегі анықтама, мекенжай анықтамасы, жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Арайлым ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс бойынша сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар