Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жұмыспен қамту» акциясы көп заңсыздықтың бетін ашты - АРҚА АЖАРЫ

«Жұмыспен қамту» акциясы көп заңсыздықтың бетін ашты

Жуырда облысымызда өткен «Жұмыспен қамту» республикалық акциясы аясында ювеналды полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қылмыстың алдын алу  бойынша рейдтер өткізді.

Бұл іске полиция қызметкерлерімен қатар, блогерлер де белсене араласты. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Көкшетау қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлерінің экипажымен бірге сағат 22.00-ден бастап жастар көп жиналатын аулаларда, саябақтарда рейдтік іс-шараларға шықты.
Ең алдымен, тәртіп сақшылары бала еңбегін пайдалану мүмкін деген мекемелерді тексерді. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексіне сәйкес, балаларға 14 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Тек, олардың жұмыс уақыты аптасына 24 сағаттан аспауға тиіс. Ал, 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан асып кетпеуі керек. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта жұмыс істеуге, ауыр, қауіпті еңбек жағдайларына байланысты жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
Осы мәселелерді бақылауда ұстау, кәмелетке толмағандарға қатысты елеулі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуына жол бермеу үшін полицейлер бірқатар көлікжуу орындарын, дәмханаларды, ойын-сауық мекемелерін тексерді. Заң бойынша 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелеріне баруға тыйым салынады.
«Жұмыспен қамту» рейдтік іс-шарасы барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарынан табылған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына заң ережелері кеңінен түсіндірілді. Мәселен, рейд кезінде қала көшелерінің бірінде орналасқан компьютерлік клубта 2002 жылы туылған жасөспірімдердің отырғаны анықталып, нәтижесінде осы мекеменің иесіне әкімшілік жаза тағайындалды. Ата-аналар мен қамқоршыларға жасөспірімнің 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде, ал 22.00-ден бастап заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын еске саламыз.
Үстіміздегі жылдың жеті айында кәмелетке толмағандарға ішімдік ішкізген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиырма бір жасқа дейінгі тұлғаларға алкоголь өнімін сатқаны жайлы 28 хаттама толтырылды. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы-на жол бергені туралы 46 хаттама толтырылып, балаларды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға итермелегені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 133-бабы бойынша 85 азаматқа айыппұл салынды. Ақмола полицейлері жасөспірімдерге қатысты заң бұзушылықтарды алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізетінін атап өткен жөн.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар