Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Дизайн орталығының» 100 жобасы - АРҚА АЖАРЫ

«Дизайн орталығының» 100 жобасы

Бұрын да көз тартарлық Көкшетау соңғы он жылда айрықша түрленіп, гүлденіп келеді. Қаланың басты жасауы заманалық реңктегі ғимараттар десек болады. Бәріміз құрылысшыларға қол соғамыз. Бұл дұрыс. Бірақ, кез-келген құрылыс жобалаусыз басталмайтыны да анық қой.

Ғимараттарға тіл бітсе, не дер еді? Мәселен, ең әдемілер санатындағы «Көкшетау» мәдениет сарайы мен Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрын, «Синема-Сити» кинотеатрын, «Торпедо» стадионын, орталық мәдени-демалыс бағын алайық. Қалалықтардың бар қуанышы, шығармашылық шеберлік, бүгінгі жас Біржан мен Ақандардың арман-тілегі осында. Пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаған заманалық «Бурабай» әмбебап спорт кешенінің де рух тасқындатар әпсанасы бар. Немесе, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Көкшетау дирекциясының әкімшілік ғимаратында 10 мыңнан астам металл-каркас құрылғылар мен кескіндемелер қолданылғаны әжептәуір әңгімеге арқау болатындығы анық. Еліміздегі тұңғыш президенттік 1200 орындық мектеп, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасындағы нысандар, Бурабайдағы республикалық шаңғы базасы, перзентханалар, балалар бақшасы, сауда және ойын-сауық отаулары, медициналық оңалту және қан орталығы, көптеген тұрғын үйлер ел игілігіндегі нысандар. Жуырдағы қала күні қарсаңында Көкшетаудағы «Дизайн орталықтың» соңғы 10 жылдағы 100 жобасының таныстырылымы өткізілді. Мұның барлығы қазір қолданыстағы ғимараттар. Ал, болашақтың жоба-сызбаларының жөні де, айтар әні де бөлек.
Биыл «Республикамыздың құрметті сәулетшісі», еліміздің сәулетшілер, қала құрылысы және Еуразиялық дизайнерлер одақтарының мүшесі, Ақмола облыстық сәулетшілер одағының төрағасы Бурабай Марамов басқаратын «Дизайн орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің 17 жылдығын атап өтеді. Мұндайда өткенге, атқарылған істерге баға берілетіні бар. Бұл орайда да шығармашылық ұжымның жүзі жарқын дегіміз келеді. Күні кеше ғана арамыздан өткен серіктестіктің бас инженері, бірнеше медальдің иегері Томила Дудконың есімі республикалық сәулетшілер одағының «Құрмет кібабына» жазылса, бір топ қызметкер грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталып отыр. Ал, Сәуле Тәшкинаның омырауында «Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі» белгісі жарқыраса, жас сәулетшілер Алла Исанина мен Қанат Балкешев Көкшетау қаласының гербі мен эмблемасының авторлары ретінде құрметке бөленген.
Жұртшылық, сондай-ақ, «Дизайн орталықтың» тәуелсіз мемлекетіміздің уақыт күттірмес міндеттерін жүзеге асыруға күш салатын қажыр-қайратына ерекше ризашылық білдіруде. Мынаны қараңыз, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберіндегі өңірдегі маңызды нысандардың барлығында дерлік ұжым мүшелерінің қолтаңбасы айшықталып көрінеді. Қазақстанның солтүстік аймағында теңдесі жоқ «ЕНКИ» керамикалық кірпіш зауытының, «Көкшетауминералдысулары» ЖШС, атақты «Алтынтау-Көкшетау», «КамАз-Инжиниринг», «Өркен-Атансор», «Ақсай Нан» акционерлік қоғамдарының өндірістік нысандары облыс абыройын асырып жатса, мұнда көкшелік жобалаушы мамандардың салмақты үлесі бар. «Дизайн орталық» ғимаратының өзі де әдемі, әріптестерін алыстан қол бұлғап шақырып тұратындай. Осыдан шығар, «Дизайн орталығы» қашанда тапсырыс берушілерден арылмайды.
– Бәке, серіктестіктегі қызметкерлердің жүктемесі көп көрінді, осыншама жұмыстың үдесінен шығу қиын емес пе?-деген сұрақ қойдым ұжым басшысына.
Жауап терең болды. Қиындық басқада екен. ЖШС директоры Бурабай Марамов қалыптасу кезеңіндегі ауыртпалықтар мен қазіргі кезеңдегі кедергілерді мысалға алды. Тура бүгінгінің мәселесі. Кадрлар қартайып барады. Кешегі бір күндерде құрылыстардың қарқыны баяулауына байланысты кәсіптік институттар жабыла бастады. Бірақ, құрылыссыз қоғам дамымайды. Қаланың бұрынғы бас дизайнері Бурабай Марамов елу жасында жеке меншік ұйым құруға бел байлаған. Білікті мамандар базар жағалап, білгенін ұмыта бастаған кез. Бірақ, құрылыс саласында, шаһарға шырай қосу ісінде үнемі ізденіс пен жауапкершілік керек. Бұрынғыдай бір үлгідегі жобалау деген жоқ, әр нысанның өз ерекшелігі бар. Бүгінгі күні компьютерлік графика, күрделі бағдарламаларды кеңес кезіндегі мақтаулы мамандардың өзі алып кете алмай жатады. Құрылыс индустриясы тығырыққа тірелгендіктен сол жылдары монолитті құрылғыға негізделген материалдар мен жабдықтар сырттан тасымалданып жатты. Түрлі сипаттағы ғимараттарды осыған сәйкес жобалау көп білімді талап етеді. Келіп жатқан жастардың тәжірибесі жоқ. Сақамыз да, жасымыз да өзін-өзі оқыту мектебінен өттік. Бұл проблема қазір де бар екендігі айтылды екеуара әңгімеде.
– Екіншіден, жобалауға тапсырыс уақыты тым тығыз,-дейді Бурабай Марамұлы. Оның үстіне, тендерді ұтып алғаннан кейін біздің жобамызбен келісу үшін сараптаманың бес-алты түрі жүргізіледі. Уақыттан ұтыламыз. Айып санкциясы ретінде топографиялық, геологиялық, экологиялық, тағы басқа сараптамаларды қоса атқаруға тура келеді. Тапсырыс беруші немесе өкілетті орган бұл міндеттерді арнайы құрылымдарға жүктеуіне болады ғой. Кәсіпкерлікті қолдау дегеніміз осы емес пе?
Жетпісті жағалатып қалған осынау жанның қажыр-қайратына, бойындағы жігер-қуатқа таң қалмасқа болмайтындай. Бурабай Марамұлын Көшетаудың кәрі-жасы түгел таниды десек, асыра сілтегеніміз емес. Ол – «Центральный» мөлтек ауданының авторы. Бүгінгі «Сарыарқа» шағын ауданының бой көтеруінде де өрнекті қолтаңбасы бар. Бурекең жеті бірдей инновациялық патенттің иегері екендігін атап өткіміз келеді. Бұлардың ішінде «ЭСПО-2017» бас ғимаратын, темір жол цистерналарын, тұрғын үй орамын баламалы қуат көздерімен жылыту, ауыл шаруашылығындағы ангар тектес жылжымалы әрі жиналмалы мал қорасының тиімділігі мүдделес ұйымдарды қызықтырып отыр. Бұған алыс-беріс хаттардағы ниеттестік пікірлер дәлел бола алады. Мұның өзі ақсақал дизайнердің алысты болжайтын қасиетін айшықтайды.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар