Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарды «Жас кәсіпкер» жобасы күтеді - АРҚА АЖАРЫ

Жастарды «Жас кәсіпкер» жобасы күтеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде брифинг болып өтті.

Бұл бағдарлама «Қазақстан-2050» стратегиясы мен 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес жасалып, Үкіметтің жарлығымен бекітілген. Оның негізгі мақсаты – тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтуға ықпал ету және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Сөйтіп, жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесінің өсімі қамтамасыз етіліп, экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі арттырылады. Жаппай кәсіпкерлік пен еңбек нарығын дамыту, «Жастар – ел тірегі» жобасы бағыттарында жас кәсіпкерлерге техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспановтың айтуынша, басқарма бағдарламаның екінші бағыты аясында қалалар мен шағын қалаларда шағын несие беруге, бұл елді мекендерде шағын несиелерді кепілдендіруге жауапты. Биылғы жылы Жастар жылы аясында бағдарламаның төртінші бағыты бо-
йынша 29 жасқа дейінгі кәсіпкерлерді кепілденген қаржыландыру енгізілген. Бұл қаржыландыру «Бизнестің жол картасы» мен «Еңбек» бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Үстіміздегі жылы шағын несиелендіруге 974,8 миллион теңге қаржы бөлініп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына аударылды. Екінші жартыжылдықта «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша жас кәсіпкерлерді мемлекеттік грантқа ұсыну үшін қосымша 39 миллион теңге бөлінді. Несие бөлу жөнінде аталмыш қор директорының орынбасары Ирина Суворова айтып берді. «Жас кәсіпкер» жобасына жыл сайын 100 мың жас қатысуы тиіс.
Бизнесті қолдап, дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы беріледі. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік грантқа ұсыну үшін субъектілердің өтінім іріктеліп, конкурстар өткізіледі. Экономиканың басымдық секторларында, шағын қалалардағы өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерліктің бір субъектісіне берілетін мемлекеттік гранттың соммасы 3 миллион теңгеден аспайды. Ол жөнінде «Халық банкі» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Таңат Қожамұратов пен «Сбербанк» акционерлік қоғамы еншілес банкісінің директоры Әсел Махмудова айтып берді. Брифинг соңында журналистер сауалдарына жауап берілді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар