Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл 16 мың ақмолалық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады - АРҚА АЖАРЫ

Биыл 16 мың ақмолалық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады

Облысымызда жаңа оқу жылында 124 мыңнан астам оқушы мектепке барса, соның 16 мыңға жуығын бірінші сыныпқа барғалы отырған бүлдіршіндер құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына дайындық жөнінде өткен брифингте мәлім болды.

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, бүгінгі таңда 614 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 38 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Осы жазда Көкшетау қаласында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталды.
– Өткен оқу жылында облыста күндізгі білім беретін 560 мектеп жұмыс істеген болатын. Биыл Үкіметтің Қаулысына сәйкес, оқушыларының саны бес балаға жетпеген үш бастауыш мектеп жабылды. Атап айтсақ, Атбасар, Біржан сал аудандарындағы екі бастауыш мектеп жабылып, Бұланды ауданының Макинск қаласындағы мектеп-балабақшасы балабақша статусына ауыстырылды, – дей келе, Ботагөз Дүйсенова 5 шілдеде бастау алған дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясының өту барысы туралы да тоқталып өтті. Бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 52 миллион теңгеге 4 мыңға жуық бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етілген.
Жалпы, бүгінгі таңда облысымыздағы тұрмысы төмен отбасыларының мектепке баратын балаларының саны 13 мыңнан асады. Оның ішінде 1182 бала бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отыр. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, бірінші кезекте мектепке алғаш баратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының бүлдіршіндері мектеп формасымен, сөмке, жазу-сызу құралдарымен түгел қамтылады. Ал, жоғары сыныптарда оқитын балаларына қажеттіліктеріне байланысты көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, брифингте биылғы жаңа оқу жылында облысымызда пайдалануға берілетін жаңа білім беру нысандары, жөндеуден өткен мектептер жайлы да ақпарат берілді. Оқу жылының басында Бурабай ауданының Щучинск қаласында 800 орындық жаңа IT-мектеп ашылады деп күтілуде. Облыста салынып жатқан тағы үш мектептің құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталмақшы. Барлық білім беру ошақтары жаңа оқу жылына дайындық шараларын бастап кетті.
– Барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақшалардың 70 пайызында, мектептердің 56 пайызында бейнебақылау жүйелері жұмыс істесе, қалған білім беру мекемелерінде бейнебақылау құрылғылары келесі жылы орнатылатын болады. Орта білім беретін 500-ге жуық мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов. Биылдан бастап жаңартылған білім беру 4, 9, 10 сыныптарда енгізілетінін, сондықтан бұл сыныптар үшін арнайы оқулықтар әзірленгенін айтты. Үш сыныпқа арналған 600 мыңнан астам жаңа оқулық тамыздың жиырмасына дейін мектептерге жеткізілуі тиіс.
Жаңа оқу жылына дайындықтың бірі – мектептердің кадрлармен қамтамасыз етілуі болып табылады. Бүгінде облыста 14 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Жыл сайын білім беру ұйымдары 400-ге жуық жас маманмен толығады.
–Бүгінде облыста үш ауысымда оқытатын 11 мектеп бар. Олар облыс орталығында және Целиноград, Аршалы аудандарында орналасқан. Бұл мәселені шешу мақсатында жұмыс жос-парлы түрде жүргізілуде. Алты мектеп салынуда. Оның бесеуі үш ауысымдық мектептердің проблемасын шешуге бағытталған. Атап айтсақ, Қосшы, Қоянды, Қажымұқан ауылдарындағы және Щучинск қаласындағы мектептер. Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында салынатын 300 орындық мектептің құрылысы келесі жылы басталады. Целиноград ауданының тағы екі ауылында 120 орындық екі мектептің құрылыс жобасы келер жылы жергілікті бюджет есебінен іске асырылады, – дей келе, Валерий Гамазов Көкшетау қаласында үш ауысыммен оқытатын төрт мектеп барын, бұл мәселені шешу үшін мектеп жанынан қосымша ғимараттар салынатынын айтты.
Жобалық-сметалық құжаттар дайын. №1 орта мектептің жанынан салынып жатқан 600 орындық ғимарат келесі жылы пайдалануға беріледі. №6 орта мектептің жанында 300 орындық, №13 мектеп-гимназиясының жанында 420 орындық ғимараттардың құрылысы биыл басталады. №4 орта мектепке 360 орындық қосымша ғимарат салу үшін жоба дайын тұр. Келер жылы құрылысқа қаражат бөлініп, нысан 2021 жылы пайдалануға беріледі. Жалпы, облыс бойынша үш ауысымдық мектептердің проблемасы 2022 жылға қарай толығымен шешіледі деп күтілуде.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар