Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орташа еңбекақы көлемі өсті - АРҚА АЖАРЫ

Орташа еңбекақы көлемі өсті

2019 жылдың екінші тоқсанында Ақмола облысы бойынша бір жұмысшының орташа атаулы еңбекақысы 140433 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,5 пайызға өсті.

Сондай-ақ, ең жоғары еңбекақы қаржы және сақтандыру қызметкерлерінде тіркелді – 226098 теңге. Бұл облыс бойынша орташа есепке қарағанда 1,6 есе жоғары. Ең төмен еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерінде – 87670 теңге.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы орташа облыстық көрсеткіштен төмен. Мысалы, 2019 жылғы екінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінде – 126562 теңге, білім беру қызметкерлерінде – 128831 теңге болды, бұл орташа облыстық деңгейден 9,9 пайызға және 8,3 пайызға төмен.
Көкшетау, Степногорск қалаларында және Зеренді, Ақкөл аудандарында еңбекақы орташа облыстық деңгейінен жоғары.
Ең төмен еңбекақы Қорғалжын ауданында тіркелді.

Ақмола облыстық статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар