Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың бұқаралық спортқа деген қызығушылығы артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың бұқаралық спортқа деген қызығушылығы артып келеді

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы біздің облыстың спорт саласы үшін толайым табыстарға толы болды. Ақмолалық спортшылардың жеңісті де жемісті сәттері барша қазақстандықтарға мерей. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығы да спортшыларымыз үшін жауапты сын-додалардан басталып кетті. Біз спортшыларымызды әрі қарай да жарқырап, жеңіс тұғырынан көптеп көрінеді деп сенеміз.

Облыста спорттың инфрақұрылымын дамытып, халықтың бұқаралық спортқа деген сұранысын арттыру, оған қоса жоғары спорттық жетістіктерді одан сайын молайту спорттық ұйымдардың жұмыстарының негізгі бағыты. Қазіргі уақытта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын және Ақмола облысының аймағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқаруда. Аймақты дамыту бағдарламасында белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Оның алғашқысы азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуын қамту болатын. Бүгінгі күні облыста 214 мыңға жуық адам спортпен айналысады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1 мың адамға көп. Жастардың балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің секцияларына, арнайы дене дайындығы клубтарына қатысуын қамтамасыз ету қарастырылған. Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл спорт мектептеріне және балалар мен жасөспірімдердің спорттық клубтарына қатысушылардың саны 621 адамға көбейді. Облыстың Степногорск қаласы мен Жарқайың, Жақсы, Зеренді аудандарында басқа аймақтарға қарағанда спортпен шұғылданушылар көбірек тіркелгендігі қуантады.
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында 2108 адам жұмыс істейді, соның ішінде 1177-і ауылды жерлерде еңбектенуде. Олардың 1117-сі жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, 160-ы орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушылары, 414-сі жаттықтырушы-оқытушылар.
Спортқа қызығушылығы бар, онымен айналысамын деген азаматтарға облыста 2408-і спорттық нысан қызмет етеді. Олардың 1690-ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Өткен жылдың басынан бері жаңадан 53 спорт нысаны іске қосылды. Астрахан және Ерейментау аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Бұланды ауданының Макинск қаласында заманауи үлгіде жабық хоккей корты салынуда. Біржан сал ауданының орталығында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысына қаржы бөлінді. Аршалы ауданының орталығында «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019-2021 жылдары дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарда бар. Тұрғындардың бос уақыттарында спортпен шұғылданулары үшін көптеген жерлерде қазіргі заманға сай спорттық алаңдар, хоккей корттары ашылды. Бұл нысандарды салуға қаржыны жергілікті бюджет пен иелік ететін субъектілер бөлді. Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» корпоративті қоры есебінен «Менің Елім» әлеуметтік бағдарламасы шеңберінде Атбасар, Жақсы аудандары мен Шучинск қаласы және Станционный кентінде көпбейімді 5 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген он бағыттағы рухани жаңғыру шеңберінде белсенді жұмыс жүгізілуде. Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейді және онда 200-ден астам адам спортпен шұғылданады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен оны насихаттау мақсатында облыста 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оларға 139 мыңдай адам қатысты. Солардың ішінде спорттың 9 түрі қамтылған қысқы «Хрустальный колос», мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың 9 түрі бойынша өткен «Үміт» спартакиадасы спортшыларды ең көп жинаған бәсекеге толы мерекелер болды.
Облыстың алты ауданында қысқы спорт түрлерінен фестиваль өтті. Шараға барлығы 3 мыңнан астам адам қатысты. Облыс орталығында 11 команданың қатысуымен «Бірлік» ведомствоаралық спартакиада, Краснояр кентінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Бұқаралық спортпен қатар, облыста жоғары жетістіктер спортына да басым көңіл бөлінеді. Спорттық резервті дайындау мақсатында облыста 29 спорт мектебі және Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балалар мен жасөспірімдердің мектеп-интернаты жұмыс істейді, олардың 4-уі олимпиада резервтерінің мектептері. Көкшетау қаласында олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық орталық жұмыс істейді. Жоғарыда аталған спорттық білім беретін нысандарда 48 спорт түрі бойынша 14,9 мың спортшы шұғылданады. Сонымен қатар, қазіргі таңда облыста Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып жүрген 6 кәсіби команда бар. Олар шайбалы хоккейге қатысатын «Арлан» хоккей клубы, футболдан «Оқжетпес» футбол клубының ерлер және әйелдер командалары, баскетболдан «Синегорье» ерлер мен әйелдер командалары және бір команда футзал бойынша бақ сынасады. «Арлан» хоккейшілері 2018-2019 жылғы Құрлықтық Кубокті жеңіп алып, айды аспанға шығарды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық командаларының құрамына облыстың 406 спортшысы енді. 2019 жыл басталысымен қысқы спорт түрлері бойынша сынға түсетін спортшылар үшін табысты болды. Жалпы, жыл басынан бері облыстың спортшылары республикалық және халықаралық жарыстардан әр түрлі деңгейдегі 588 медальді қанжығамызға салды.
Жыл соңына осы жетістіктерді одан әрі молайта түсуге мақсат қойып отырмыз. Осы ретте, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар қатарын көбейтіп, заманауи спорт алаңдарын әлі де сала бермекшіміз. Міне, бұл биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жетістіктері. Ал, енді екінші жартыжылдықтағы осы нәтижелерді одан әрі жандандырып, алға нақты мақсаттар қойып, бұдан да көп жетістікке жетіп, спортшыларымыздың жеңіс тұғырына жиі көтерілуіне тілектеспіз. Бұған спортшыларымыздың мүмкіндігі мол.
Әсет БҮКІБАЕВ,
Ақмола облыстық дене шынықтыру және
спорт басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар