Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА - АРҚА АЖАРЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығы бойынша сұрақтар мен жауаптар

Президент Жарлығымен қайдан танысуға болады?
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы сілтемесі бойынша ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Жеке және заңды тұлғалардың кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген қарыздар «кепілсіз тұтыну қарыздары» болып табылады ма?
Президент Жарлығын іске асыру мақсаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыз ретінде жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттарға берілген, берген сәтінде кепіл туралы талабы жоқ банктік қарыз және (немесе) микрокредит түсініледі.
Азаматтық кодекске сәйкес кепілдік қамтамасыз етудің жеке түрі болып табылады, алайда ол кепіл болып табылмайды. Тиісінше, кепілдікпен және (немесе) кепілдемемен қамтамасыз етілген қарыздар кепілсіз тұтынушылық қарыздар ретінде Президент Жарлығының қолданылу аясына кіреді.
Қандай қарыздар мен азаматтардың қандай санаттары бо-
йынша берешек өтеледі?
Банктер және микроқаржы ұйымдары берген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды өтеудегі мемлекет көмегі өмірлік қиын жағдайда қалған мынадай азаматтарға көрсетіледі:
1. көп балалы отбасылар;
2. асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;
3. мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;
4. атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;
5. жетім балалар;
6. ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.
Осындай кредиттер бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.
Тұтынушылық қарыздарды өтеу тетігі қандай?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Жарлығының талаптарына сәйкес келетін адамдар тізімін қалыптастырады. Бұл тізім «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-қа беріледі, ол берешекті банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы базалармен салыстырып тексереді, қарыз алушылардың санын және өтеу сомасын есептейді және ақы төлеуге арналған тізімді жасайды.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (Қор) әрбір банкпен және микроқаржы ұйымымен берешекті өтеу туралы келісім жасайды.
2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін Қор ақшаны банктердің және микроқаржы ұйымдарының шоттарына аударады, олар 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейінгі мерзімде азаматтардың берешегін өтейді, содан соң борышкерлерге берешекті өтегені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабарлама жібереді.
Банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы 9 қыркүйекке дейін қарыз бойынша төлемдер кестесін қайта қарайды және Қорға әрбір борышкер және оның қарызы бойынша берешекті өтеу туралы ақпарат ұсынады.
Кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек қандай мөлшерде өтелетін болады?
300 мың теңгеге дейінгі сомада.
Егер Сіздің негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақы сомасы 300 мың теңгеден аспайтын кепілсіз тұтынушылық қарызыңыз (банктен немесе микроқаржы ұйымынан алған) болса, онда барлық берешек сомасы мемлекет қаражатының есебінен өтелетін болады.
Егер Сіздің кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешегіңіз 300 мың теңгеден асып, 3 миллион теңгеге жетпейтін болса, Сізге берешегіңіздің 300 мың теңгеге дейінгі сомадағы бөлігін өтеуге мемлекет көмек көрсетеді. Қалған берешекті (300 мың теңгеден артығын) қарыз алушы өзі өтеуге тиіс.
Кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 3 миллион теңгеден асатын жалпы берешекті өтеу Президент Жарлығының талаптарына жатпайды.
300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтелетін адамдардың тізімдерін қайдан табамын?
300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтелетін адамдардың тізімдерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қалыптастырды. Әрбір банк пен микроқаржы ұйымы берешекті өтелу нәтижелері туралы өз қарыз алушыларына хабарлайды.
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап бүкіл рәсімдер аяқталған соң берешекті өтеу туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жасап немесе «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталынан алуға болады.
Берешегімнің өтелуіне қатысты қашан және қайта өтініш жасаймын? Қандай құжаттар қажет?
Кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешекті өтеу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына өтініш жасаудың қажеті жоқ. Берешекті өтеу және есептелген тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге төлемдерді есептен шығару жөніндегі барлық жұмысты көмек көрсетілетін азаматтардың тізімдері қалыптастырылғаннан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдары өздері жүзеге асырады.
Егер азаматтың бір немесе бірнеше банкте немесе микроқаржы ұйымында екі және одан да көп қарызы болса, берешегі (300 мың теңгеге дейінгі) қалай өтеледі?
Есептеу үшін қарыздары мен кредиттерінің санына қарамастан, бір адамның барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша жалпы берешегі (негізгі борыш + сыйақы) есептеледі.
Егер ол адамның бірнеше кредиті болса, онда берешекті өтеуге арналған 300 мың теңге мынадай кезектілікпен өтеледі:
бірінші кезекте ЖТСМ көбірек қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;
екінші кезекте негізгі борыш пен сыйақы бойынша 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша берешегі көбірек қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;
үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит шартының жасалған күні ертерек қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.
Өтеу қандай мерзім ішінде жүргізіледі?
Берешекті өтеу жөніндегі бүкіл жұмыс ағымдағы жылғы қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр.
Коллекторлық агенттікке берілген берешек өтеле ме?
300 мың теңгеге дейінгі берешек банктердің және микроқаржы ұйымдарының балансындағы кепілсіз тұтынушылық кредиттері бойынша ғана өтелетін болады.
Қарыз бойынша талап ету құқығы коллекторлық агенттікке емес, банкке немесе микроқаржы ұйымына тиесілі болса, Сіздің 300 мыңға дейінгі сомадағы банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегіңіз есептен шығарылады.
Егер де қарыз бойынша құқық (талаптар) коллекторлық агенттікке сатылған (қайта берілген) болса, берешекті мемлекет өтемейді.
Егер менің кредитім бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімі болса, кредитімді 2019 жылғы 1 маусымнан кейін өтеуге тиістімін бе?
Сот шешімдерінің болу-болмауына қарамастан, Сіздің қарызыңыз Президенттің Жарлығына сәйкес келген жағдайда ол бойынша 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекет көмегі көрсетіледі. Қалған берешекті (300 мың теңгеден артығын) қарыз алушы өзі өтеуге тиіс.
Егер көп балалы отбасында қарыздар бойынша берешек ата-анасында қатар болса, есептен шығару қалай жүргізіледі?
Егер отбасының бірнеше мүшесінде кредит болса, яғни, қарыз шарттары түрлі адамдарға жасалса, онда берешекті өтеу әрбір қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, егер отбасының екі мүшесіне екі кредит ресімделсе, онда әрбір қарыз шарты бойынша олардың 300 мың теңгеге дейін өтеу құқығы бар. Яғни, отбасының екі мүшесіне берешекті өтеудің жалпы сомасы 600 мың теңгеге дейін болады.
Қарыз алушы кепілсіз тұтынушылық кредит бойынша ағымдағы жылғы 1 маусымнан кейін (берешек тіркелген күн), бірақ банк немесе микроқаржы ұйымы Президент Жарлығы шеңберінде мемлекет бөлген көмек шеңберінде берешекті өтегенге дейін өтеген ақша сомасы не болады?
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша берешек Қор ақша аударғанға дейін толығымен не ішінара өтелген жағдайда, банк және (немесе) микроқаржы ұйымы борышкерге ақша сомасының түскені туралы хабарлайды және келіп түскен ақшаны Қордан түскен сома арасында және борышкердің шотына берешектің нақты қалдығы айырмасы мөлшерінде аударады, не борышкердің таңдауы бойынша, оның өтініші болған кезде борышкердің кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша өзге де ағымдағы берешегін өтеу есебіне аударады.
Кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша өсімпұлдарым мен айыппұлдарым қашан есептен шығарылады?
Банктер мен микроқаржы ұйымдары өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығарды. Бұл жұмыстың нәтижелері туралы әрбір қарыз алушыға банк және/немесе микроқаржы ұйымы хабарлайды.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар