Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған игі жұмыстар да, назар аударатын олқы тұстар да бар - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған игі жұмыстар да, назар аударатын олқы тұстар да бар

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Қорғалжын, Целиноград және Егіндікөл аудандарында болып,

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алға қойған міндеттерінің өңірлерде іске асырылу барысымен танысты, жергілікті жерлерде өндірістің, тұрғын үй және жол құрылысының жайына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, орақ жұмыстарының мезгілінде басталуына назар аударып, осыған қатысты міндеттерді белгіледі.

Алдымен, өңір басшысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында болып,«МЕТ-777» серіктестігіне қарасты жылыжайдың жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын директорының орынбасары Сейілхан Есжановтың айтуынша, жылыжай құрылысы 2018-2020 жылдары кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Серіктестік егіншілікпен және көкөніс өсірумен айналысады. Нұр-Сұлтан қаласының сауда нүктелері мен жәрмеңкелерде 35 тонна көкөніс сатылыпты. Алдағы жылдары он жылыжай салу жоспарланған. Бұл бағытта несие алу мәселесі туындап отыр екен. Облыс басшысы кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
Бұдан кейін облыс әкімі «Астана Агропродукт» серіктестігінің «Бакара» ет комбинатын аралап көрді. Кәсіпорын директоры Қанатбек Үзембаевтың айтуынша, ет комбинаты өткен жылы 1879 тонна, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 72 тонна өнім өндірген. Ет комбинатының өнімі вакуумдық орама, фарш пен шұжық өнімі түрінде Нұр-Сұлтан қаласы мен облыс аумағында сатылады. Сондай-ақ, Иран Республикасына экспортқа шығарылады. Соңғы жылдары кәсіпорында шикізат жетіспеушілігі байқалады. Ермек Маржықпаев ет комбинатын малмен қамтамасыз етуді тиісті басшыларға тапсырды.
Өңір басшысы «Жер-888» Агрофирмасы» серіктестігінің егіс алқабының басында болып, шаруашылықтың егін орағына дайындығын сұрап білді. Серіктестік директоры Абай Медеубаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Биылғы құрғақшылық егіннің бой көтеруіне кері әсерін тигізіп отыр. Аптаған ыстыққа бидайдың тек «Шортанды» сұрпы ғана төтеп берген. Ауданда 400 гектар алқапқа зығыр егіліпті. Азықтық дақылдар мүлдем себілмейді. Облыс әкімі аудан басшысына егіншілікті әртараптандыруға жете көңіл бөлуді тапсырды.
1977 жылы салынған аудандық мәдениет үйін жөндеуге 27 миллион теңге бөлінсе де, жөндеу жұмысы жүргізілмепті. Сондай-ақ, 65 миллион теңге бөлінген Тәуелсіздік және Әлия Молдағұлова көшелері жолының жөндеу жұмысы да әлі басталмаған. Өңір басшысы қаржыны уақытында игермеген басшыларға ескерту жасады. Жергілікті тұрғындармен кездесуде ауыл ақсақалы ауданда ауыз судың жетіспеушілігі, жолдың нашарлығы, мәдениет үйін жөндеу жөнінде мәселе көтерді.
Өңір басшысы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының визит-орталығында болды. 600 мың гектар жердегі қорықты қырық шақты аңның түрлері, 354 құс түрлері мекендейді. Заман талабына сай қорықта цифр-
ландыру жұмыстары қолға алынуда. Облыс басшысы жеке кәсіпкер Балтабековтың этно-туристік кешені мен футбол алаңын аралап көрді. Стадионға жасанды төсеніш төселіпті. Кешен директоры Ербол Балтабековтың айтуынша, жоба туристерді атқа мініп серуен-
деуге, қазақтың тазысы мен төбетін ертіп, бүркітпен аң аулауға бағытталған. Мейманхана бір мезгілде 25-30 туристі қабылдап, сауықтыру қызметін көрсетеді. Жылқы еті, қымыз, сүт, айран және өзге сүт өнімдерін ұсынатын ұлттық асхана жұмыс істейді. Ауданға жылына 3-5 мың турист келеді екен. Оның 500-і шетелдіктер.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың жұмыс сапары Егіндікөл ауданында жалғасын тапты. «Ушаково Агро» серіктестігі өңірдегі алдыңғы қатарлы астық өндірушілердің бірі болып табылады. Ушаково селосында 144 отбасы тұрады. Мұнда жаңа тұрғын үйлер салынуда. Селоның іші тап-таза. Серіктестік директоры Бақтияр Ысқақовтың айтуынша, селоға қаладан қоныс аударушылар саны көбейген. Шаруашылық 19 мың гектар егіс алқабына дәнді дақылдар сіңіріпті. Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығынан гектарынан орташа 8 центнерден астық алу межеленіп отыр. Ауыл шаруашылығы паркінде 20 комбайн орақ науқанына дайын тұр. Тағы да Қостанайдан 4 жаңа «Есіл» комбайны сатып алынады деп межеленген. Серіктестік мал шаруашылығымен де айналысады. Өңір басшысы жанар-жағар май, тыңайтқыш, химиялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Екі қабатты балабақшаны қалпына келтіруге көмектесетінін айтты.
Облыс басшысы Ұзынкөлдегі су соратын станциясының жағдайымен танысты. «Нұра топтық су құбыры» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Алтай Елжасовтың айтуынша, ескі құбырлар жиі тесіліп, апаттық жағдай туындайды. Берілетін ауыз судың жартысынан көбі далаға ағып кетіп жатыр. Жаңа полиэтилен құбырын сатып алуға қаржы жоқ. Сондай-ақ, шаруашылық құрылымын өзгерту қажет. Бұл мәселелердің бәрін шешуге қолдан келгенше жәрдемдесетінін айтқан облыс әкімі егіс алқабы басында Егіндікөл ауданының диқандарымен кездесті. Серіктестік басшыларының айтуынша, тек шілденің басында жауын жауған. Егіннің пісіп жетілуіне екі апта қажет. Сұлы толық жинап алынған. Қазір арпаны бастыру жұмысы жүргізіліп, гектар берекесі 15 центнерден айналуда. Кездесуде мал терісі мен қой жүнін өткізу мәселесі көтеріліп, шешу жолдары талқыланды. Облыс басшысы диқандарға мал шаруашылығымен де айналысудың қажеттігін айтты.
Өңір басшысы «АСКОП» серіктестігіндегі өңдеу цехы бар қасапхана құрылысының барысымен танысты. Серіктестік директоры Николай Степаненко өз сөзінде 800 бас ірі қара мен қой сатып алғанын жеткізді. Сондай-ақ, 220 бас асыл тұқымды сиыр сатып алу жоспарланған. Қасапхана маңындағы көлшікте 350 қаз бағылады. Цех биылғы жылдың 15 қарашасында пайдалануға берілгенде ет бұқтырылып, консерві, мәнті, тұшпара жасалады. Келесі жылы шұжық цехы салынады деп жоспарланған. Сондай-ақ, қасапхана жергілікті тұрғындардың малын союға да қызмет көрсетеді. Серіктестік жеткілікті мал азығын дайындап алыпты. Биыл тұқым шаруашылығы 41,7 мың егіс алқабының әр гектарынан орташа 14 центнерден он бес түрлі тұқым сұрпын жинап алуды жоспарлап отыр. Техника паркі толық жаңартылған.
Егіндікөл аудандық ауруханасы 1976 жылы пайдалануға беріліпті. Облыс әкімі емхана мен 30 кереуерттік мекеменің хирургтік, терапевтік, балалар және перзентхана бөлімшелерін аралап көріп, сырқат адамдардың хал-жағдайын сұрап білді. Медициналық қондырғылардың жағдайына назар аударды. Аудандық ауруханада арнайы көлік болса да басы ауырып, балтыры сыздаған сырқаттарды аудан орталығына уақытында жеткізу қиыншылық тудыруда. Бас дәрігер Сүният Игембаевтың айтуынша, дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін тұрғын үй беру арқылы шешуге болады. Аурухана мен тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалыпты.
Биылғы жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен Егіндікөл селосының 8 көшесіндегі көлік жолы жөнделген екен. Өңір басшысы аудан орталығының Ленин көшесі бойындағы жөнделген көлік жолын қарап көріп, сапасына көңілі толмады. Астаналық мердігер жөндеу жұмысына сары балшық болып езілетін құм пайданылыпты. Облыс басшысы 1975 жылы салынған аудандық мәдениет үйінің жағдайымен танысып, көмірдің қоршаусыз, аспан астында ашық әрі иесіз жатқанын көріп, ескерту жасады. Мәдениет үйінің директоры міндетін атқарушы Алтынгүл Мұрат өз сөзінде келесі жылы шатырды, бөлмелер мен сахнаны жөндеуді жоспарлап отырғанын айтты.
Облыс әкімі агротехникалық колледждің оқу бөлмелерін аралап көрді. Колледж директоры Лариса Шевцованың айтуынша, оқу барысында № 2 орта мектептің оқу бөлмелері мен спорт залы пайдаланылып, теориялық сабақ өткізіледі. Білім ошағының түлектері бірден жұмысқа орналасады екен. Колледждің өз ғимараты болмағандықтан, қосымша мамандыққа оқытуға мүмкіндігі болмай отыр. Облыс басшысы 360 шаршы метрді құрайтын бұрынғы монша ғимаратын оқу үрдісіне пайдалану үшін иесімен келісуді тапсырды. Өңір басшысы аудан орталығындағы 16 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы барысымен танысты. Құрылысты «НұрИнвестГрупп» серіктестігі жүргізуде.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың жұмыс сапары сенбі күні Целиноград ауданында жалғасын тауып, Қажымұқан ауылында орналасқан «Зеренді»-1 асыл тұқымды шаруашылығы» серіктестігінің ешкі фермасын аралап көруден басталды. Кәсіпорын директоры Ермек Ұлықпановтың айтуынша, шаруашылық 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір Голландиядан әкелінген 1250 ешкі бағылса, оның мыңы сауылады. Кәсіпорында ешкі сүтінің 40 түрлі өнімі өндіріледі. Жақын арада құрғақ сүт пен балмұздақ өндіру жоспарланған екен. Ешкі санын 5 мыңға жеткізу межеленіп отыр. Серіктестіктің өз қасапханасы мен 400 гектар егіс алқабы бар. Қажетті шөп, бұршақ, арпа мен сұлы тәрізді мал азығы сатып алынады. Азық дайындау үшін несиеге арнайы техника сатып алыныпты. Субсидиялау мәселесі шешілмей отырған көрінеді. Ешкі сүтіне дотация төленбейді. Сүт өнімдері Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында сатылады. Облыс басшысы Қажымұқан ауылішілік көлік жолдарының жағдайымен танысты. Биылғы жылы 7,6 шақырым жол жөнделеді, скважина орнатылады деп жоспарланған. Қазір бұл жұмыспен бірге су құбыры тартылуда. Облыс әкімі осы ауылдағы жаңа мектеп құрылысының басында болып, жұмыстың сапасына көңілі толмады.
Өңір басшысы «Родина» Агрофирмасы» серіктестігінде болып, автокөлік жолының жөндеу жұмысымен танысты. Егіс алқабының басында жүгері мен бидайдың шығымына, ауыл шаруашылығы техникасы паркінде комбайндар мен өзге де техникалардың дайындығына назар аударды. Серіктестіктің директоры Иван Сауэр барлық техникалардың, сондай-ақ, кез-келген сатуға қойылған шетелдік комбайнның астық жинауға да-
йын екенін айтты. Облыс басшысы №1 мал шаруашылығы кешенін аралап көрді. Мұндағы жұмыстың барлығы автоматтандырылған, компьютермен басқарылады. Қазір 1750 бас сиыр сауылып, күніне 50 тонна сүт беріледі. Биылғы жылы 1200 бас бұзау алыныпты. Облыс әкімі серіктестіктің сүт зауытын аралап көрді. Иван Сауэрдің айтуынша, сүт өнімдерін сатуда мәселе туындамайды екен. Сүт зауыты жапондардың технологиясымен адам жасартатын иогурт жасапты. Табиғи өнім бес күннен кейін бұзылатындықтан, сауда барысында мәселе туындайды екен. Кәсіпорынның
Назарбаев университетімен бірлесе жұмыс істейтін өз зертханасы бар.
Өңір басшысы селодағы дәрігерлік амбулаторияның бөлмелерді аралап көрді. Мекеме серіктестік қаржысы есебінен жөнделіпті. Қондырғылар да серіктестік қаржысы есебінен сатып алынған екен. Селодағы №33 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілген. Жыл өткен сайын оқушылар саны көбейіп келеді. Облыс басшысы оқу сапасының төмендігіне назар аударды. Серіктестік директоры бұрын түлектердің оқуына төлейтінін, олар серіктестікке сенім артып үйренгенін, енді бұл бағытта көзқарас өзгеретінін айтты. Мектептің асханасында оқушылар және педагогтар ұжымы тегін тамақтанады екен. Облыс аумағында қамқорлыққа алынған мұндай мектептің жоқтығын айтқан облыс әкімі жұмыс сапарының соңында селоның мәдениет және демалыс паркін аралап көрді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар